Орал емханалары жаңа жұмыс режиміне көшті
Енді емханада тексеру үшін пациенттерге медициналық мекемеге келудің қажеті жоқ. Барлық емханаларда пациенттерді жоспарлы емдеу тоқтатылды, сондықтан енді науқастанғандарға дәрігерге қоңырау шалу керек.

– Медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі мен пневмонияның өсуіне байланысты пациенттерді жоспарлы емдеуді уақытша тоқтатуға тура келді. Бұл, әрине, басқа аурулармен ауыратын адамдарға уақтылы медициналық қызмет көрсетуге теріс әсер етеді. Осыған байланысты барлық емханаларда кеңес беру және үйде емдеу үшін мобильді емханалар ұйымдастырылды.
Барлық клиникаларда колл орталықтары бар. Емханалардың нөмірлері www.stopcovid.kz сайтында орналастырылған, облыс тұрғындары емхананың жұмысына қатысты 109 қоңырау шалып, өз тілектері мен шағымдарын білдіре алады, – деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.
Оның айтуынша, қала тұрғындары медициналық кеңес алу үшін 109 нөміріне хабарласа алады. Операторлар инфекционист-дәрігерлермен және пульмонологтармен тікелей байланысады. Егер тұрғындар қандай да бір себеппен өз үйлерінен шыға алмаса, еріктілер дәрі-дәрмек пен тамақ жеткізуге көмектеседі. Ол үшін сол 109 нөмірін теру қажет.
Сонымен қатар, облыс әкімі БҚО-да жедел жәрдем шақыруларының саны артқанын атап өтті.
– Жедел жәрдем шақыруларының саны күніне 600-ден 1100-ге дейін өсуде. Осыған байланысты жедел жәрдем бригадаларының саны артты. Қазіргі уақытта 61 экипаж бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24-ке көп. Қоңыраулардың көптігі салдарынан жедел жәрдем кейбір науқастар үшін кешігіп келуі мүмкін. Алайда, адам өміріне қауіп төнген жағдайда жедел жәрдем кідіріссіз келуі тиіс, – деп түсіндірді Ғали Есқалиев.
Ол сондай-ақ, келесі 2 ай ішінде жедел жәрдем стансасына 37 жедел жәрдем көлігі, оның ішінде 20 реанимобиль сатып алынатынын айтты.
Бүгінгі таңда облыста коронавирустан 940 адам емделуде (инфекциялық ауруханада 571 пациент, провизорлық ауруханада 369 пациент). Оның ішінде 473 адам қанағаттанарлық жағдайда, 92 науқас ауыр халде. Зардап шеккендер облыс орталығында және барлық аудандарда анықталды. Оралда ең көп саны-2100 адам немесе 61,1%. Бөрлі ауданында 223 адам, Бәйтерек ауданында 208 адам, Ақжайық ауданында 141 адам жұқтырған.
Алексей Воробьев