Спиртпен дезинфекциялау: ДСМ науқастарға арналған «ең нашар» кеңесті атады
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардың коронавирус туралы жиі кездесетін сұрақтарына жауап беріп, бірнеше қате түсініктерді жоққа шығарды.

Сонымен, ингаляциялық бу терапиясын қолдану – кең тараған «зиянды» кеңестердің бірі болып табылады.
Ведомство сода қосылған «ыстық моншаның» көмегімен шырышты қабықтың күйіп кетуін және Квинке ісінуін немесе аллергияны тудыруға болатынын айтады. Коронавирусты немесе пневмонияны емдеуде мұндай әдістің тиімділігі дәлелденбеген.
Сонымен қатар, ингаляцияға бірқатар қарсы көрсеткіштер бар. Ол жоғары дене температурасы, қан қысымы, жүрек-тамыр аурулары немесе бүйрек функциясының бұзылуы болып табылады.
Асқазан-ішек аурулары бар адамдар үшін сарымсақ суын ішу немесе сарымсақ түйірін жеуден аулақ болу керек, әйтпесе бұл ішектің бұзылуына, қыжылға, бауыр шаншуына әкелуі мүмкін.
Алкогольді тұтыну да анти-кеңестер санатына кіреді. Алкогольді ішімдіктер иммундық жүйені тежейді, вирус жұқтыру қаупін арттырады. Ал жүрек-тамыр аурулары мен бауыр проблемалары қауіпті жоғарылатады.
Сода ерітіндісінің буымен демалғаннан гөрі онымен тамақты шайған пайдалырақ.
Сонымен қатар, Инфекционист-дәрігер, балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Баян Тұрдалина халық арасында кеңінен талқыланып жатқан «коронавирустың жеңіл түрінде антибиотик ішуге, сода және спиртпен ингаляция жасауға бола ма?» деген сұрақтарға жауап берді.
Коронавирустың жеңіл түрінде антибиотик ішуге бола ма?
Егер вирус ықпалы жеңіл дәрежеде болса, ең бірінші күннен бастап антибиотик қолдану мүлде дұрыс емес. Бұл вирус, ал антибиотиктер тек бактерияға әсер етеді. Оның өзінің көрсеткіштері бар, олар клиникалық хаттамада жазылған.
Covid-19 жеңіл түрде өтсе, антибиотик қолдануға болмайды.
Себебі, антибиотик вирусқа қарсы әсер етпесе де, пайдалы бактериялар мен микроағзаларды жойып, сәйкесінше иммунитетті әлсіретеді. Сөйтіп, адам басқа вирусқа төтеп бере алмай қалады. Антибиотикті қабылдау арқылы өзімізге зиян келтіреміз.
Антибиотиктер пайдалы микроағзаларды жойып, иммунитетті әлсіретеді.
Сода және спиртпен ингаляция жасау дұрыс па?
Ингаляция жасайтын арнайы аппарат небулайзер деп аталады. Ол төменгі тыныс жолдарына бронхиалды демікпе кезінде оны кеңейтетін препараттарды жеткізуге арналған. Ингаляциялық аппарат қабылдап жатқан сұйықтықты төменгі тыныс жолдарына дейін жібереді.
Спирт ерітінділерімен ингаляция жасауға болмайды. Ол кілегей қабатын күйдіруі мүмкін.
Құрамында спирті бар қандай да ерітіндіні ингаляциялық аппарат арқылы қабылдау дұрыс емес. Ол өте зиян.
Сода ерітіндісінің ауасымен демалғанға қарағанда тамақты шайған пайдалырақ.
Сілтілі сода арқылы ингаляция жасау да дұрыс емес. Ауыз қуысында дезинфекциялық әсер болу үшін ғана аздап бумен демалуға болады. Дегенмен, буға қарағанда оның ерітіндісімен тамақты шайған дұрыс.