БҚО 61 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетеді

Өңірімізде екі ай ішінде жедел медициналық жәрдем станциясы үшін 37 жаңа машина сатып алынбақшы, оның 20 – сы реанимобиль.

«ОА» мұрағатынан.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде өңіріміздегі басты мәселелерге тоқталып, тығырықтын шығу жолдарын айтып өтті.

– Медицина кадрларының жетіспеушілігі бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Орта және кіші медицина қызметкерлерінің тапшылығы сезіледі. Бүгінгі күні коронавирустық инфекциямен күреске медицина қызметкерлерінің жалпы санының 50% ғана тартылған. Көпшілігі мәжбүрлі еңбек демалысына кетті немесе өздері ауырып қалды. Бұл проблеманы шешу үшін екі медициналық колледждің студенттерін оқыту бойынша жеделдетілген курстар өткізіледі, олар ауруханаларға жұмысқа жіберіледі. 15 күннен кейін 200-ге жуық медицина қызметкерлері дәрігерлерімізге көмек көрсетеді деп күтілуде. Сонымен қатар, басқа қалалардан түлектерді жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз. Жеке клиникалардың тоғыз дәрігері әріптестеріне көмек көрсетті, – деді Ғали Есқалиев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы туралы да айтып берді. Оның айтуынша, станцияға мыңнан астам қоңырау келіп түседі.

– Осыған байланысты біз жедел жәрдем бригадаларының санын арттырдық. Қазір халыққа 61 бригада қызмет көрсетеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 бригадаға көп. Қоңырау шалушылар саны да артты, сондықтан кідірістер болуы мүмкін. Бірақ адам өміріне қатысты мәселе ешқандай кедергі болмауы керек, – деп мәлімдеді Ғали Есқалиев.

Айта кету керек, екі ай ішінде жедел медициналық жәрдем станциясы үшін 37 жаңа машина сатып алынбақшы, оның 20 – сы реанимобиль.

Сонымен қатар «ОА» облыс тұрғындары өңіріміздегі дәріханаларда дәрі бағасы негізсіз қымбаттаған жағдайда хабарласуға болатын телефон нөмірлері мен жедел медициналық көмек стансаларының шұғыл желілерінің байланыс нөмірлерін жариялайды.

БҚО: 109 (iKomek),

Батыс Қазақстан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің нөмірі – 8(7112) 51-27-66,

«Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің WhatsApp нөмірі 8(747) 492-91-79;

Жедел медициналық көмек стансаларының шұғыл желісі.

Батыс Қазақстан облысы: 8-7112 51-82-55

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1726 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 54 747-ге жетіп отыр, оның ішінде 936 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

БҚО-да коронавирусты жұқтырғандар саны 99-ға жетті

Олардың 39-ының клиникалық белгісі жоқ.

Эпидемия басталғаннан бері аймақта КВИ-мен 3699 адам ауырып, 2899 адам сауығып кетті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-09
Утром-11.94 ℃
Днем-7.81 ℃
Вечером-7.8 ℃
Ночью-9.44 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.65 м/с
2025-02-10
Утром-10.23 ℃
Днем-4.71 ℃
Вечером-7 ℃
Ночью-9.73 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра4.48 м/с