Мемлекет басшысы Қасым-Жомарат Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында халық алдындағы барлық міндеттемелерді орындауды жүктеді

Мемлекет халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, дейді Ақорда баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында.

Ақорда Баспасөз қызметінің суреті.

Қазақстанда коронавируспен күреске 150 миллиард теңге бөлінеді, — деп хабарлайды Ақорда Баспасөз қызметі.

«Үкімет пен өңірлер пандемиямен күресте шұғыл мәселелерді шешу үшін 150 миллиард теңге бөледі. Негізгі міндет — коронавирустың таралуын тоқтату және науқастарды емдеуде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу», — деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдай жақсармаса, Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеуі жайында мәселе туындайды, деді.

«Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды», — деді Тоқаев Үкімет отырысында.

Үкіметтің және әкімдердің қабылданған шараларды түсіндіруінде олқылықтар бар. Олардың қоғам пікірімен тиісті деңгейде жұмыс істей алмай отырғаны байқалды, — деп атап өтті президент.

Президенттің айтуынша, бас санитар дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ.

«Бас санитарлық дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ. Кәсіби дағды мен ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз болды. Нәтижесінде біз гуманитарлық көмек алып, шетелдік мамандарға кеңестері үшін алғыс айтып отырмыз», — деді Мемлекет басшысы.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы уақыттың жеткілікті болғанына қарамастан, індетпен күреске тиісті деңгейде әзірлене алмады. Науқастар саны және басқа да көрсеткіштер бойынша олардың жасаған барлық болжамдары қате болды, -деп атап өтті ел басшысы.

Беделді дәрігерлер телемедицина, телеарна және әлеуметтік желі арқылы емделудің дұрыс жолдарын үйретіп, жүйелі түрде түсіндіруі қажет. Олай болмаған жағдайда, дүмбілез, алаяқ емшілердің күмәнді кеңестері халықтың денсаулығына кесел келтіреді.

Мемлекет басшысы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «СК Фармация» компаниясның жұмысына қанағаттанбағанын жеткізіп, алдағы уақытта бұл мәселені қолға алатынын айтты.

«СК Фармация» компаниясын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет. Қазақстанда дәрі мен медициналық бұйымдардың көптеген түрін өндіруді жолға қоятын кез келді. Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?», — дейді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Тоқаев компания басышыларын орнынан босатып, тергеу жұмыстарын жүргізуді жөн деп тапты.

«Тергеу жүргізу керек, туындаған қиындықтарға барлық кінәлілерді айыптау керек. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен СК Фармация басшыларын жұмыстан босату керек немесе тергеу жүргізу қажет», деді президент.

2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз.

«Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 миллион гектар игерілмеген жердің 7 миллион гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек», — деп келтірген Ақорда баспасөз қызметі Тоқаевтың Үкімет отырысында айтқан сөзін.

«Індет елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің әлсіз тұстарын көрсетіп берді. Пандемия кезінде халықтың табысы азайды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттай түсті. Азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттау индексі елдегі инфляция индексінен 1,6 есеге асты», — деп келтірді Тоқаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером7.66 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с