Оралда дәрі-дәрмек сатқан алыпсатарлар ұсталды

Оралдық полицейлердің төрт күндік рейд жүмысының барысында дәрілік препараттарды заңсыз сату фактілері мен лицензиясыз дәрі-дәрмек сатудың бес жағдайы және бағаны негізсіз көтерген төрт дәріхана анықталды, деп хабарлады облыстық  полиция департаментінің  баспасөз қызметі.

«ОА» мұрағатынан.

Екі қала тұрғыны коронавирусты емдеу үшін қолданатын дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан. Олар «Цефтриаксон» антибиотиктерін сатқан – ол covid-19-дың ауыр жағдайында, вирустық пневмонияға бактериялық инфекция қосылғанда қолданылады және ауырсынуды басатын «Новокаин» сатқан – бұл препарат нейротропты, қабынуға қарсы және антипарабиотикалық әсерге ие.

Полиция қызметкерлері кәсіпкер азаматтардан 380 «Цефтриаксон» ампуласын және сонша «Новокаинді»тәркіледі.

Орал қаласының басқа тұрғыны сол антибиотиктерді интернет арқылы сатқан. Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Сондай-ақ дәріханаларда медициналық препараттарды жоғары бағамен сату фактілері анықталды. Аталған кезеңде осындай төрт дәріхана табылды»,-деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату фактілерін анықтау бойынша жұмыс күн сайын жүргізіледі, деп қосты ол.

«ОА» облыс тұрғындары өңіріміздегі дәріханаларда дәрі бағасы негізсіз қымбаттаған жағдайда хабарласуға болатын телефон нөмірлері мен жедел медициналық көмек стансаларының шұғыл желілерінің байланыс нөмірлерін жариялайды.

БҚО: 109 (iKomek),

Батыс Қазақстан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің нөмірі – 8(7112) 51-27-66,

«Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің WhatsApp нөмірі 8(747) 492-91-79;

Жедел медициналық көмек стансаларының шұғыл желісі.

Батыс Қазақстан облысы: 8-7112 51-82-55

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-5.01 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с