БҚО-да ең ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді

Батыс Қазақстан облысының полицейлері Ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп «техниканың соңғы үлгісі» бойынша жабдықталған есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Polisia kz сайтынан.

Есірткі өндірушілер Теректі ауданында гараж және ауладағы үйді сатып алып, оны жасырын есірткі зертханасы етіп жабдықтаған. Зертхананың ерекшелігі – оның жабдықталуы мен тазалығы, ол өнеркәсіптік ауқымда синтетикалық есірткі шығаруға есептелген.

Қайта жабдықталған жасырын зертханадан полиция қызметкерлері шыны ыдысы бар екі конструкцияны, сондай-ақ мұздатқыш камераны анықтады. «Зертхана» үй-жайында жасанды желдеткіш болған. Ауланың артқы жағына әрқайсысы 1000 литрден үш бак көмілген. Үйді және зертхананы тінту барысында ұнтақ тәрізді заттар, қоспалар, химиялық заттардың концентраттары, сондай-ақ химиялық реагенттері бар канистрлер, қорғаныш костюмдері, респираторлар мен зертханалық жабдықтар табылды.

Сонымен қатар, оқиға орнында 11,4 кг мефедрон синтетикалық есірткісі және 8,1 кг пировалерон алынды. Бұл – Қазақстанда тәркіленген ең ірі синтетикалық есірткі. Белгілі болғандай, есірткіні өндірумен біздің елімізге көктемде келген Украина азаматтары айналысқан, олар бірнеше жергілікті тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, оларды синтетикалық есірткі өндіру бойынша қылмыстық іс-әрекетке қатыстырған.

Үй сатып алу, оларды жөндеу және басқа да жұмыстар таңқурай бұталарын өсіруге жағдай жасау үшін бүркемеленген. Ол үшін ЖШС тіркелген, ұсталғандар оған кент үйі мен автокөлікті рәсімдеген. Ұсталғандар бірнеше рет сынаудан кейін 2020 жылдың маусым айының соңында синтетикалық есірткі өндіре бастағанын мойындады. Осындай зертхананы полиция қызметкерлері мамыр айының соңында Алматы облысының Талғар ауданында жойған болатын.

Операция барысында зертханалық жабдықтар мен химикаттардан бөлек, сатуға дайын алты келіден астам мефедрон тәркіленді. Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде 413 млн теңгеден астам сомаға дайындалған синтетикалық есірткінің 120 мың дозасы есірткі тұтынушыларға жеткен жоқ.

https://youtu.be/wJIOkj6RX9E

Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өткізу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жаза мүлікті тәркілеп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу жалғасып жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-17
Утром-17.59 ℃
Днем-16.2 ℃
Вечером-18.44 ℃
Ночью-20.95 ℃
Влажность67 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра7.08 м/с
2026-01-18
Утром-24.07 ℃
Днем-16.94 ℃
Вечером-19.13 ℃
Ночью-18.2 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра3.43 м/с