13 шілдеде Қазақстанда Covid-19 құрбандарын еске алып бір минут үнсіздік жарияланады

13 шілдеде сағат 00.01-де ел бойынша мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарында мемлекеттік Ту түсіріледі.

Қазақстанда 13 шілде-Жалпыұлттық аза тұту күні коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алып, сағат 12: 00-де бүкіл ел бойынша бір минут үнсіздік жарияланатын болады.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі Ерлан Карин Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Мемлекет басшысы 13 шілде-ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мемлекет басшысымен бір мезгілде еліміздің барлық аймақтарының әкімдері әкімдік ғимараттарының алдындағы алаңға шығып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алады деп күтілуде. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері, әскерилер, дәрігерлер қаза болған адамдарды құрметтеу мен еске алу белгісі ретінде киімдеріне қаралы таспа тағады.

Ресми мәліметтерде жүздеген отбасының қайғысы жарияланып жатыр. Біреу әкесін, анасын, ағасын, әпкесін, ұлын және қызын жоғалтты. Мен қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бұл біз үшін ортақ қайғы. Сондықтан мен 13 шілде-пандемияның құрбаны болған қазақстандықтар бойынша ұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Осы күні кім қай жерде болса да, әрқайсысы кеткендерді еске түсіретініне сенімдімін, — деді президент.

Ел тарихында Жалпыұлттық аза тұту түрлі (негізінен жергілікті техногендік сипаттағы) себептермен сегіз рет жарияланған еді. Бұл жолы қаралы дата коронавирустың әлемдік пандемиясы мен қазақстандық азаматтардың елеулі санының қаза болуы салдарынан жарияланып отыр.

Коронавирустық инфекция кезіндегі бұрын-соңды болмаған жағдай мен біздің отандастарымыздың қаза болуы пандемия құрбандарын еске алып қана қоймай, қатерлі инфекциямен күресте азаматтарымызға ортақтастық және бірлік сезімін ұялатады деп сенеміз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-17
Утром18 ℃
Днем21.47 ℃
Вечером20.31 ℃
Ночью14.13 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1001
Скорость ветра8.51 м/с
2026-07-18
Утром14.56 ℃
Днем20.38 ℃
Вечером18.01 ℃
Ночью17.15 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра7.45 м/с