Жаңа басшылар жаңаша жұмыс жасар деп үміттенеміз
ҚР Премьер-Министрінің келісімімен Есқалиев Ерхат Серікұлы «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне, ал Болат Төкежанов Медициналық сақтандыру қорының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі.

Ерхат Есқалиев 1976 жылы Алматы қаласында туған. «Братьев Карич» университетінің Банк ісі және сауда академиясын, «Әділет» жоғары құқық мектебін, Халықаралық бизнес академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Халықаралық бизнес мектебін бітірген.
1999 жылдан 2003 жыл аралығында Атырау облысы әкімдігінің, мемлекеттік кіріс министрлігінің, Қаржы министрлігінің, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының құрылымында жұмыс істеді.
2003-2006 жж. — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарушы директоры.
2006 жылдан 2008 жыл аралығында «ҚДБ-ЛИЗИНГ» АҚ басқарма төрағасы болды.
2008-2009 жж. — «ҚАЗТЕМІРТРАНС» президенті.
2009 жылдан 2010 жыл аралығында — ҚР индустрия және сауда министрлігінің вице-министрі.
2010-2011 жж. — «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президент кеңесшісі.
2011 жылдан 2013 жыл аралығында — «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті.
2013-2015 жж. — «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік одағы» ЗТБ бас директоры.
2015 жылдан 2016 жыл аралығында «Біріккен көлік-логистикалық компания» ААҚ бірінші вице-президенті болып еңбек етті.
2016-2018 жж. — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Көлік және логистика» салалық дирекциясының директоры».
2018 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік логистикасы ішкі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

«Болат Тұрғанұлы денсаулық сақтау жүйесінде тәжірибесі мол, саладағы ең маңызды реформаларды жүзеге асыруға тікелей қатысқан, барлық проблеманы іштен жақсы біледі. Бұл өте құнды тәжірибе, өйткені медициналық сақтандыру қорының халыққа арналған медициналық көмекті стратегиялық сатып алушы ретінде және МӘМС пен ТМККК пакетінің қаржылық операторы ретінде ерекше мәртебесі бар. Барлық процесті — сатып алу мен медициналық көмекті қаражыландыру ісін ашық және жүйелі жүзеге асыру керек. Қазір еліміздің денсаулық сақтау саласы қиын кезеңді бастан өткізіп отыр, бұл ретет коронавирусқа қарсы күрес шараларының шығынын өтеуде сақтандыру қорының рөлі өте маңызды», — деді министр А. Цой.
Министр бұл тағайындаудың артында үлкен жауапкершілік тұрғанын және Мемлекет басшысы қойған міндеттерді қысқа уақытта орындау қажеттігін де атап өтті.
Болат Төкежанов 1972 жылы 19 шілдеде ҚазКСР Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1994 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебінде мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесін алды.
Дьюка, Дарем, Солтүстік Каролина, АҚШ-та Стэндфорд университетінің мемлекеттік саясат мектебінде, сондай-ақ, Сингапурдағы Ли Куан Ю атындағы Ұлттық Университеттің мемлекеттік саясат мектебінде оқыған.
Болат Төкежанов Қазақстанның салық қызметі жүйесінде жұмыс тәжірибесі бар, Шығыс Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарын басқарды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.
«Құрмет» орденімен марапатталған, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Коронавирусқа қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар талқыланған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «СК-Фармация» ЖШС басшыларын жұмыстан шығарып, қажет болған жағдайда тергеу жүргізу керектігін мәлімдеді. Кейін Медициналық сақтандыру және СҚ-Фармация қорының басшылары өз қызметтерінен босатылғанын жазған болатынбыз.
