«Дәл мұнша «қара қағаз» алмап едік»: Балғынбек Имаштың өлеңі елді жылатты

Отандық танымал ақын Балғынбек Имаш қатерлі індет құрбандарына арнап өлең шығарды. Ол күні кеше ғана думандатып жүрген халқының кенеттен қара жамылып, күнде қайғы-қасіреттен көз ашпай жатқанын сөз етті. Айтыскер қауіпті вирус салдарынан еліне еңбегін сіңірген бірқатар мықты мамандардың қаза болғанына күйінеді.

Фото: Instagram/balgynbek_official. Балғынбек Имаш.

Жалпыұлттық аза тұту күнінде коронавирус індетінен қайтыс болған науқастарға арнаған өлеңін ел назарына ұсынды. Белгілі ақын «Қаралы күн» атты аса әсерлі туындысын Instagram парақшасында жариялаған.

Жетсек те аман-есен күнде ақшамға,

Кім кетіп, кім жетері жұмбақ таңға.

Жаралы жанын емдем жұртымыздың,

Көз-жасын сорғалаған құрғатшы, Алла.

Кеше еді: күнде думан, күнде отырыс,

Ал, бүгін: күнде қайғы, күнде өкініш.

Емхана, мәйітхана азан-қазан,

Тойхана, мейрамхана мүлде тыныш.

Журналист, ақын, имам, қажы кетті,

Дәрігер, сот, прокурор, қазы да өтті.

Тоқтай ма мына тұмау? Табиғаттың,

Қысы емес, көктемі емес, жазы жетті.

Толассыз суық хабар зарға көміп,

Жатады күндіз, кешке, таңда келіп.

Сұрапыл соғыста да күн құрғатпай,

Дәл мұнша «қара қағаз» алмап едік.

Хабарын өлім-жітім естіп-естіп,

Даламыз зар илейді өксіп-өксіп.

Үрейден құйрық-май жеп, қымыз ішіп,

Қазақ боп кетсек жақсы өстіп-өстіп.

«Жазмыштан озмыш жоқты» естіп өстік,

Нәпсімен бес намазда бес күрестік.

Тмин ішіп, Қист тұтатып, тәубәға кеп,

Мұсылман болсақ жақсы өстіп-өстіп.

Ия, Раббым, өзі беріп, өзі алатын,

Қырғынға түріміз жоқ төзе алатын.

Жоқтаған Жүсіп ұлын Жақыпқа ұқсап

Халықтың болып қалды көзі ағатын.

Өлген соң пәтеріміз бәрібір — Көр

О жаққа «ордер» алды тағы кімдер?

Айыбын мойындаған құлдарыңа,

Аюбтың төзімі мен сабырын бер!

Күніге сынып, солып гүл бақшамда,

Жан үшін жүріп жатыр қымбат сауда.

Қыршынын аза тұтқан аз қазақты,

Жылата бермей көзін құрғатшы, Алла!

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-09
Утром10.86 ℃
Днем10.26 ℃
Вечером10.11 ℃
Ночью10.56 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра9.25 м/с
2026-09-10
Утром11.07 ℃
Днем13.73 ℃
Вечером12.26 ℃
Ночью11.82 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.02 м/с