МӘМС қорына жарна төлемегендер енді тегін медициналық көмек ала алмайды

1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі күшіне енді. Енді қорға жарна төлемегендер тегін медициналық көмек ала алмайды.

«ОА» мұрағатынан.

Сонда қайтпек керек?! Жұмыс істемейтін қазақстандықтар жүйенің жеңілдік берілген санатына кіреді. Бірақ ол үшін еңбекақысыз қалғандар өз мәртебесін «жұмыссыз» ретінде тіркеуі тиіс.

Сол кезде ғана медициналық қызмет ақысы мемлекет қарауына өтеді. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар бірыңғай жиынтық төлем жасауы тиіс. Оның 40 проценті осы қорға аударылады.

Еңбек етіп жүргендерге сақтандыру жарнасын жұмыс беруші төлесе, 15-санатқа жататын: зейнеткер, жүкті әйелдері мен балалар бюджет есебінен сақтандырылады. Сонымен қатар, денсаулығы сыр беріп, шұғыл көмекке зәру болған азаматтарға осы қор арқылы тегін ем-дом жасалады.

Айта кетейік, осыған дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сақтандырылмаған азаматтардың көмек алуы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жаңа басқарма төрағасы тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Ұқсас мақалалар:

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-11
Утром23.57 ℃
Днем35.33 ℃
Вечером32.29 ℃
Ночью29.38 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра4.83 м/с
2025-07-12
Утром21.91 ℃
Днем33.56 ℃
Вечером34.05 ℃
Ночью26.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.31 м/с