Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 62 мыңға жуықтады
Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 61 755-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1856 жағдайы тіркелді (845 симптомдық тасымалдаушы және 1011 симптомсыз).
Ең көп тіргелген өңірлер:
Шығыс Қазақстан облысында (225),
Алматыда (220), Нұр-Сұлтанда (211),
Атырау облысында (190)
Ақтөбе облысында (171).
Елімізде коронавирусты барлығы 61 755 адам жұқтырған, 35 911 адам сауығып кетті. Covid-19-дан өлім-жітім статистикасын Денсаулық сақтау министрлігі аптасына бір рет жариялайды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 14 шілде күні таңертең 396 өлім оқиғасы туралы хабарлады.

БҚО-да коронавирус жұқтырған 138 адам анықталды
78 адамда ауру симптомдарсыз өтеді
Өңірде КВИ ауруымен ауырғандардың жалпы саны 4128 адамды құрады.
Ал әлем бойынша Хопкинс атындағы университеттің мәліметтеріне сәйкес. осы сағатта 13 061 792 COVID-19 жұқтыру жағдайы анықталды. Оның ішінде 7 221 190 жағдайда пациенттер инфекциядан емделді, ал 571 840 – оның асқынуынан қайтыс болды.
