Қазақстан Тәжікстанға портативті өкпені жасанды желдету аппараттарын бермек

Қазақстан Тәжікстанға портативті өкпені жасанды желдету аппараттарын бермек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.

«Қазіргі уақытта барлық ел бір-біріне көмек көрсетіп жатыр. Елімізге де басқа мемлекеттер гуманитарлық көмек беруде. Расында да Қазақстан Үкіметі Тәжікстанға жылдың соңына қарай портативті өкпені жасанды желдету аппараты түріндегі гуманитарлық көмек көрсету туралы мәселені қарастырылуда. Бұл портативті аппарат екендігін атап өткім келеді. Ол пациентті жедел жәрдем көлігімен тасымалдау үшін қолданылады», – деді вице-министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, портативті өкпені жасанды желдету аппараты елімізде, Ақмола облысында шығарылады.

«Бүгінде аталған өндіруші өзінің өндірістік қуатын арттырып отыр. Кәсіпорын түркиялық компаниямен бірге портативті өкпені жасанды желдету аппаратынан бөлек қазіргі уақытта бізге аса қажетті болып отырған стационарлық өкпені жасанды желдеу аппаратын шығаруды жоспарлауда. Өндіріс таяу аралықта жолға қойылады және жылдың соңына дейін еліміздің барлық ауруханаларына қажетті портативті және стационарлық өкпені жасанды желдету аппараттармен қамтамасыз етеді»,- деді Людмила Бюрабекова.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с