Kaspi.kz компаниясы індетпен күресу үшін 100 жедел жәрдем машинасын сыйлайды

Отандық өндіруші «СарыарқаАвтоПром» емханалардың мобильді бригадаларына (жедел медициналық көмектің 4 күрделілік санатындағы шақыртулары) арналған санитарлық автокөлікті Chevrolet Damas үлгісінде және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің техникалық ұсыныстарына сәйкес әзірлейді.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы былайша түсіндірме берді:

«Денсаулық сақтау жүйесіне қаншалықты ауыр салмақ жүктелгенін бәріміз көріп отырмыз, сондықтан біздің командамыз індетпен күрестің алғы шебінде жүрген дәрігерлерге көмек көрсетуді басты міндет деп біледі. Біз дәрігерлердің және Денсаулық сақтау министрлігінің автомобильдердің жиынтықталуына қоятын талаптарын зерделей келе, Қазақстанда тез арада құрастырып, қысқа мерзімнің ішінде бүкіл еліміздегі профильдік медициналық мекемелерге жеткізуге болатын жедел жәрдем машинасына қойылатын техникалық талаптарды әзірледік. Арнайы жиынтықталған алғашқы автомобильдер дәрігерлерге осы аптаның ішінде беріледі».

Вячеслав Ким, Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы былай атап өтті:

«Біз мемлекетке 100 жедел жәрдем машинасын тегін береміз, олар көптеген дәрігерлер бригадасына шақыртуларға уақтылы барып, адамдарға көмектесуге мүмкіндік береді. «СарыарқаАвтоПром» отандық көлік өндірушісімен бірлесіп, біз шетелде емес, Қазақстанның өзінде барлық қажетті құралмен жылдам жабдықтауға болатын модельді таңдадық. Мұндай автомобильдердің жалпы құны 1 миллиард теңгені құрады. Қазір бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бизнестің мемлекетпен бірге індетті жеңуге байланысты міндеттерді шешуге белсене ат салысатын кезі деп ойлаймын».

«Kaspi.kz өлшемшарттарын, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын басшылықа ала отырып, барынша лайықты маневрлік автокөлік таңдалды, бұл жедел жұмыс жағдайларында өте қажет. Орын алған жағдайды ескере отырып, біз науқас адамдарды тасымалдауға қажетті барлық медициналық, санитарлық және бактерицидтік жабдықпен, оның ішінде портативті өкпені жасанды желдету аппаратымен, ЭКГ-аппаратпен, пульсоксиметрмен және дефибриллятормен жабдықталған машиналарды қысқа мерзімде дайындаймыз», – деп атап өтті «СарыарқаАвтоПром» директоры Сырым Семейбаев.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сай елімізде күн сайын шамамен 1400 бригада жедел медициналық көмекпен қамтамасыз етеді, олар 26 000 шақырту қабылдайды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл жедел жәрдем қызметіне және қазіргі инфрақұрылымға айтарлықтай салмақ түсіреді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с