Оралда демалыс күндері қоғамдық көлік пен базарлар жұмыс істемейді
БҚО-ның Бас санитарлық дәрігері Мухамғали Арыспаев базарлар мен қоғамдық көлік жұмысын шектеген жаңа қаулы шығарды. Енді келесі демалыс күндері карантин аяқталғанға дейін базарлар жабылады, ал автобустар маршруттарға шықпайды.

Қаулының өзінде қатаң шектеу карантиндік шараларды 2020 жылдың 2 тамызына дейін ұзарту туралы, сондай-ақ демалыс күндері енгізілетін жаңа шектеулер туралы айтылады.
«Ашық үлгідегі азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметі мен қоғамдық көліктің жұмысы демалыс күндері 2020 жылғы 18 шілде сағат 00.00-ден 2020 жылғы 20 шілде сағат 00.00-ге дейін, 2020 жылғы 25 шілде сағат 00.00-ден 2020 жылғы 27 шілде сағат 00.00-ге дейін, 2020 жылғы 01 тамыз сағат 00.00-ден 2020 жылғы 03 тамыз сағат 00.00-ге дейін
Қабылданған мұндай шектеулер неге байланысты енгізілді және неге олар тек демалыс күндері — белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, 4 шілдеде БҚО-да шектеу шаралары енгізілді, оған сәйкес қалада барлық сауда орталықтары жабылды, банкеттер өткізуге тыйым салынды, сағат 23:00-ден кейін қозғалысты шектеді және басқа да әлеуметтік нысандардың жұмыс уақытын қысқартты.
Алексей Воробьев