БҚО бас санитарлық дәрігері — «Өңірде атипикалық пневмонияның өршуі жоқ»

БҚО-ның Бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев журналистермен сұхбатында өткен жылмен салыстырғанда атипикалық пневмония ауруымен ауырғандардың саны өскен жоқ екенін айтып өтті. Ол сырқаттанғандардың нақты санын айта алмады, бірақ оның айтуынша, биылғы жылы осындай аурудың өршуі өңірде байқалмады.

Иллюстрациялық фото

— Вирустық пневмония бойынша қазір мәселе қарастырылып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны коронавирустық инфекцияға қосуға болатындығын хабарлайтын болады. Өткен жылмен салыстырғанда өңірде пневмонияның түсініксіз этимологиясы Ақтөбе қаласындағыдай өршіген жоқ. Негізінен COVID-19 індеті және коронавирустық пневмониясы жүріп жатыр, бірақ олар атипикалық емес. Биылғы жылы да атипиялық пневмония аурушаңдығының саны былтырғымен бірдей, — деді Мұхамғали Арыспаев.

Қазіргі таңда БҚО-да қанша адам атипикалық пневмониямен ауырады деген сұраққа бас санитарлық дәрігер жауап бере алмады.

— Біз тек коронавирустық инфекция бойынша есеп жүргіземіз, пневмония бойынша есепті облыстық денсаулық сақтау басқармасы жүргізеді, — деп түсіндірді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда облыста коронавирус ауруының 4327 жағдайы тіркелген. Оның 2160 белгілері бар және 2167 симптомсыз жағдайлар. Шілде айында облыста 1536 ауру тіркелді. Қазіргі уақытта облыста коронавирустық инфекциядан 22 адам қайтыс болды, 3265 адам сауығып кетті.

Алексей Воробьев

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-20
Утром16.83 ℃
Днем27.23 ℃
Вечером29.95 ℃
Ночью18.48 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.76 м/с
2026-05-21
Утром17.87 ℃
Днем24.87 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью17.7 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра9.04 м/с