БҚО-да дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан тұрғын жауапқа тартылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес БҚО прокуратурасы құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп, дәрі-дәрмекпен алыпсатарлықты анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту бағытында жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО прокуратурасынан түскен мәліметке қарағанда, прокуратура, экономикалық тергеу департаменті, полиция департаменті қызметкерлерінен құралған жедел топ дәрі-дәрмекті жоғары бағамен сатудың 7 және рұқсат құжаттарынсыз өткізудің 3 дерегін анықтады.

Атап айтқанда, 8 шілде күні экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында «Арбидол» препаратының 1 орамын 5 мың теңгеден сатылғанын анықтады. Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 15 шілдедегі бұйрығымен аталған препаратқа 2312 теңге мөлшерінде шекті баға белгіленген болатын.

Осылайша жосықсыз кәсіпкер Орал қаласы аумағында дәрі-дәрмекті 100 пайыз артық бағамен сатқан.

Дәріхана иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 426-бабы 1-бөлігіне сәйкес материал толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне берілді.

Сондай-ақ У. деген азамат Цеф-3 антибиотиктерін рұқсат құжатсыз қайта сатып, заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысқан. Бұл азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 424-бабы 1-бөлігіне (заңсыз фармацевтикалық қызмет) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-18
Утром14.71 ℃
Днем17.1 ℃
Вечером16.57 ℃
Ночью16.27 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра6.45 м/с
2026-07-19
Утром16.2 ℃
Днем19.81 ℃
Вечером23.07 ℃
Ночью18.09 ℃
Влажность71 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.64 м/с