Отандық дәрігер Қазақстанда эпидемия қашан аяқталатынын болжады

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны артып келеді. Өткен тәуліктің өзінде коронавирус инфекциясы 1674 адамнан расталған. Ал жалпы вирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асып кетті. Қазір пандемия қашан аяқталады деген сұрақ көпті мазалап жүр. Осы мәселеге қатысты дәрігер-кеңесші, медицина ғылымдарының докторы, инфекционист, профессор, академик Ғалия Жұманбаева жауап берді.

«ОА» мұрағатынан.

Жоғары санатты дәрігермен NV.kz тілшісі сұхбаттасты.

Бірқатар сұраққа жауап берген маман елді дүрліктірген «Жаңа қазақстандық пневмония» жайлы да сөз қозғады. Оның пікірінше, бұл жаңа ауру емес, коронавирустың жаңа түрі. Ал аурудан қорғануға әр адамның иммунитеті әсер етеді.

Дәрігердің сөзінше, әлі күнге дейін маска тағуға қатысты түрлі даулы пікірлер туындайды. Бірақ, оны көшеде тағуға аса қажеттілік жоқ, ал жабық ғимараттарда таққан дұрыс.

Инфекционист коронавирус инфекциясының белгілері бар адамдарға уақыт жоғалтпай, ем қабылдау кешенін бастауды ұсынды. Мұны дерт сипаттары байқалмағандар да жасауы тиіс. Себебі, кей жағдайда адам өзін жақсы сезінеді, бірақ өкпесі қабына бастайды.

Ғалия Жұманбаева көптің көкейінде жүрген сұраққа да жауап беріп өтті. Маманның болжамынша, эпидемия ұжымдық иммунитет 70 пайызды көрсеткенде ғана тоқтайды. Яғни, шамамен барлық қазақстандық ауырып шығады.

Бірақ, иммунитет әркімде қалыптаспайды және тұрақсыз болуы, вирус мутацияларына үлгермеуі мүмкін. Сондықтан, адам үш айдан кейін қайта ауыруы ғажап емес. Өйткені, иммунитет орташа есеппен 90 күндей сақталады. Ал бұл жаңа карантинге әкеп соғуы ықтимал.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с