«Вирус жоқ, сенбеңіздер» деген Диас Ахметшәріп жұмысынан кетті

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп жұмысынан кетті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

«Бүгін менің денсаулық сақтау министрлігіндегі соңғы жұмыс күнім. Басшылық арыз жаз деді. Жаздық. Ер адамның басынан не келіп не өтпейді. Хош. Ең алдымен барлық журналист әріптестеріме алғысымды білдіремін. Талай еңбек атқардыңыздар!

Артық кеткен кездерім болса — кешірім сұраймын! Барлық еңбегім — тек халқым үшін. Ауырмаңыздар! Коронавирусты жеңіп шығайық.

Денсаулық Сақтау министрлігіндегі әріптестеріме, барлық дәрігерлерге, медперсоналға тек қана шыдамдылық пен жеңіс тілеймін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!», — деп жазды Facebook-тегі жазбасында.

https://youtu.be/KmHKFcGguxM

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық алаң» бағдарламасына келген Диас Ахметшәріп вирусқа сенбеген жұртқа ашық ескерту жасаған еді. Өз сөзінде:

«Вирусқа сенбейміз дейді. Ауруға сенбесеңіздер, ертең ауырғанда көздеріңіз жетеді. Ол кезде сізді ешкім емдемейді. Орын да табылмайды. Қазір науқас саны көп. Мен ресми өкіл ретінде айтамын. Вирус жоқ, сенбеңіздер. Бұл ойдан шығарылған нәрсе. Ақыры сенбейді екенсіздер, ертең ауырып көз жұмасыздар, сосын сіздерді апарып жерлеп тастаймыз», — деп айтқан еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-12
Утром20.5 ℃
Днем27.48 ℃
Вечером25.73 ℃
Ночью21.19 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.75 м/с
2026-07-13
Утром19.32 ℃
Днем28.75 ℃
Вечером24.78 ℃
Ночью21.5 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.11 м/с