Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 67 мыңға жуықтады
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1707 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 66 895-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus 2020.kz.

«Қазақстанда өткен тәулікте 1707 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 782 адамда клиникалық белгілері жоқ», — делінген хабарламада.
БҚО — да 108 жаңа коронавирус жұқтырылуы анықталды.
58-де ауру симптомдарсыз.
Өңірде КВИ ауруымен ауырғандардың жалпы саны 4435 адамға жетті, оның 3375-і сауығып кетті.

