Құрбан айтта онлайн құрбан шалуға мүмкіндік пайда болды
Қазақстанда Құрбан айтта үйден шықпай, онлайн режимде құрбандық шалуға мүмкіндік пайда болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай тәсіл пандемия жағдайында үйден шықпай-ақ құрбан шалуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Енді құрбан шалуға ниетті адам онлайн тапсырыс тастай алады.
Ведомство ақпарынша, тапсырыс берушіге жұмыс барысының барлық ақпараты ұсынылып отырады. Осылайша, карантин жағдайда мұсылмандардың үйден шықпай, өздері мен жақындарын КВИ инфекциясынан сақтауына мүмкіндік туды.
Құрбан айтта құрбан шалуға арналған интернет-ресурстың басты артықшылығы — мал бағасының көрсетілуі. ҚМДБ мал етін мұқтаж жандарға таратуға уәде берді.
Өтініштерді qurban2020.muftyat.kz сайтына тастау керек. Техникалық ақауларға байланысты қазір ресурс жұмыс істеп тұрған жоқ. Жақын арада барлығы іске қосылады. Елде Құрбан айт уақыты 30-31 шілдеге сәйкес келіп тұр.
