Тоқаев: ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс

Мемлекет басшысы азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отырғанын мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавирус статистикасын жасырмау міндетін қойып отыр.

Президенттің айтуынша, үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр.

«Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз», — деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына пневмонияға шалдыққандарды коронавирус жұқтырғандар тізіміне қосу туралы сұрау жолдаған болатын.

«Біз қазір халықаралық ұйымдармен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда ДДҰ-ның ұсынымы бойынша статистикаға ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар ғана кіреді», – деген еді денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова.

Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев бейнеүндеу жолдап, қазіргі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-13
Утром-4.39 ℃
Днем-1.36 ℃
Вечером-2.72 ℃
Ночью-4.09 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.3 м/с
2026-01-14
Утром-7.63 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-8.04 ℃
Ночью-8.74 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.38 м/с