Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Тек симптомы білінген адамдар ауруханаға барғанын, ал симптомы жоқ науқастардың 85% -ін құрайтынын ескерсек, онда шамамен 2 миллион қазақстандық ауырған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Олжас Құдайбергенов.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Денсаулық сақтау министрінің Қазақстанда бүгінгі күнгі коронавирус және пневмония бойынша статистиканың біріктірілетініне байланысты мәлімдемесінен соң науқастардың нақты санын есептеп шығуға тырысты.

Цой коронавирус туралы статистиканың сенімді болуына алғашқы қадам жасады, деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.

— Қазір коронавируспен ауыратындардың ресми саны 67 мыңды құрайды, ал пневмония — шамамен 234 мың (1 қаңтардан 15 шілдеге дейін), егер біз пневмонияның таза өсімін алсақ, онда шамамен 163 мың науқас болады. Сонда барлығы 67 + 163 = 230 мың коронавирус науқас. Бұл — кем дегендегісі. Егер біз өсімді емес, тұтас индикаторды алсақ, онда 230 мың емес, 301 мың науқас /ауырып, жазылғандар болады, — деп жазды ол.

Бұл — ПТР тестілеуінен өтіп, ауруханаға өздері барғандар.

— Әрине, үйде ауырған адамдар бар, бірақ олардан қандай сандар күтілетіні әлі белгісіз. Тек симптомы білінген адамдар ауруханаға барғанын, ал симптомы жоқ науқастардың 85% -ін құрайтынын ескерсек, онда шамамен 2 миллион қазақстандық ауырған. Мен кейбір жерде қателесуім мүмкін, бірақ бастысы, қазір Денсаулық сақтау министрлігі өз құзыретіне сай коронавирусқа қатысты есепті қайта жүргізеді, — деді Президент кеңесшісі.

Ол сондай-ақ қайтыс болғандардың санын анықтауға тырысты.

Енді коронавирустан қайтыс болғандар санына келелік, ресми статистика — 464. 1 қаңтардан 15 шілдеге дейін пневмониядан қайтыс болғандар саны 3 327 құрайды, бұл — осындай алдыңғы кезеңдегі қайтыс болған 1 896 адаммен салыстырғанда 1,75 есеге көп көрсеткіш. Коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны — кемінде 1 895, ал ең көбі — 3 791. Сондай-ақ, коронавирустан емделген, бірақ оған ауруханада басқа себептерден (жедел жүрек жеткіліксіздігі, инсульт, инфаркт және т.б.) қайтыс болған адамдарды қосу қажет, яғни туыстары жағдайды жасырып, өз қадір-қасиетімен жерлеу үшін өлімнің себебін көрсетпеуге тырысқандар да бар, — деді ол.

Құдайбергеновтың айтуынша, бұл әрекеттер ары қарай да жалғасуы мүмкін, сондықтан оларды да қосу керек, бірақ туыстарын жазалаудың қажеті жоқ, өлгендерді дұрыс жерлеу үшін жағдай жасау қажет.

«Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігі ендігіден бастап нақты жағдайды сол қалпында көрсететін болады деп айта аламыз. Бұл цифрлар, әрине қабырға қайыстырады, бірақ қазір біз ең сенімді деректі көрсетуіміз керек. Сонымен қатар, статистиканы түзету қайтыс болған дәрігерлердің әрқайсысына 10 миллион теңгеден төленуі керек дегенді білдіреді», — деп сөзін қорытындылады Олжас Құдайбергенов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-10
Утром6.17 ℃
Днем12.09 ℃
Вечером11.87 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.37 м/с
2026-04-11
Утром7.27 ℃
Днем8.14 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.07 м/с