«Тоқмейілсудің, масайраудың қақпанына түскен» : Тоқаев Үкімет пен әкімдерді қатаң сынға алды
Мемлекет басшысы барлық проблемалар жұмысты дұрыс жоспарламаудан басталатынын және оны шеткі кәсіпқойлықтың көрінісі деп атады, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін коронавирустық инфекцияның таралу жағдайы бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.
«Баяндамаларға қарағанда, жағдай бақылауда. Алайда, бұл іс жүзінде емес. Мен әкімшілігіме дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі бойынша бүкіл ел бойынша бөлшек сауда желісін тексеруді тапсырдым. Нәтижесі көңіл көншітерлік емес. Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл және Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Алматыда дәрі-дәрмек тапшылығы сақталып отыр, өмірлік маңызды препараттардың бағасын көтеру фактілері анықталуда. Көлеңкелі нарық өркендеуде», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Құқық қорғау органдары көтерме және бөлшек саудамен айналысатын дәріханаларда рейдтер мен тексерулер жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша дәрі — дәрмектерді заңсыз сатумен айналысатын 270 адам, оның 116-сы-медицина қызметкерлері қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекет басшысы аталған бағыттағы жұмыс жалғастырылатынын және кінәлілер заңға сәйкес жазаланатынын атап өтті.
Статистика мен талдаудағы қателікке, тиімсіз жоспарлауға байланысты өңірлер қажетті дәрілік заттардың нақты көлемін анықтай алмайды.

Барлық проблемалар жұмысты дұрыс жоспарламаудан басталатынын айта келіп, Тоқаев мұны шеткі кәсіби біліксіздіктің көрінісі деп атады.
Елімізде қабылданған шектеу шараларына қарамастан, отбасылық салтанаттарды, атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Шымкентте өткізу жалғасуда.
Президент әкімдердің карантиндік режимді сақтау жөніндегі түсіндіру жұмыстарының әлсіздігін атап өтті.
«Әкімдердің қысылтаяң жағдайларда жұмыс тәжірибесі жоқ, өткір мәселелерді қалай жедел шешуді, азаматтарға мемлекеттік саясатты түсіндіруді білмейді», — деп мәлімдеді Президент.
Оның пікірінше, үкімет мүшелері де, әкімдер де «тоқмейілсудің, масайраудың қақпанына түскен».

Қазақстан президенті індетке шалдығып, әбден тығырыққа тірелген заматтар оттегіні өздері сатып алып жатқанын, алайда бұл ауруханалардың тікелей міндеті екенін баса айтты.
«Мемлекеттік органдар үйлестіру жұмыстарын дұрыс жүргізбегендіктен, халық бұл мәселені өз бетімен шешуге талпынуда. Бұл ешқандай қисынға сай келмейді.
Азаматтар өндірістік баллондарға құйылған оттегіні сатып алуда. Бұл ауруханалардың тікелей міндеті. Жеке үйлер мен пәтерлерде өндірістік баллондардағы оттегіні пайдалану деректері анықталған.
Үкімет және әкімдер бес күн ішінде ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету және үй жағдайында оттегі баллондарын пайдалану проблемаларын шешуі керек», – деді мемлекет басшысы.
