Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзарту ұсынылды

Профессор билік қатаң шаралар мен қомақты айыппұлдар арқылы адамдарға маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін түсіндіруі қажет деп санайды.

«ОА» мұрағатынан.

Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор, медицина ғылымдарының докторы Вячеслав Локшин карантинді жыл соңына дейін ұзартуды ұсынды. Ол пандемияны басқа жолмен жеңу мүмкін емес деп санайды.

Бұл туралы Локшин Atameken Business телеарнасына берген сұқбатында айтты.

«Абырой болғанда, індетке шалдыққандардың 70 процентінде ауру жеңіл немесе симптомсыз өтеді. Алайда біздің денсаулық саласына науқастардың 30, 20, тіпті 10 пайызының өзі ауыр салмақ салды. Карантинді ұзарту – өте дұрыс шара. Менің ойымша, оны жыл соңына дейін ұзарту қажет. Стадиондардың көбін төсек-орынмен жабдықтауға болады. Бірақ бұл проблеманың шешімі емес. Біздің осыншама дәрігеріміз, қаржылық мүмкіндігіміз жоқ… Пандемиямен тек карантиннің көмегімен күресуге болады», — деп мәлімдеді профессор.

Ол үкіметтің қазіргі жұмысына қанағаттанбайтынын жеткізді. Айтуынша, үкімет тарапынан айқын, түсінікті іс-қимыл байқалып отырған жоқ.

«Ауру жұқтырғандардың өсуіне денсаулық сақтау министрлігін неге кінәлайтынын дәрігер ретінде түсінбеймін. Министрлік індеттің таралуын қалай тоқтата алады? Бұл мүлдем басқа ведомстволардың міндеті», — дейді Локшин.

Ол карантиннің мәні ұжымдық иммунитетті қалыптастыруда екенін атап өтті. Сондықтан мемлекет қатаң шаралар мен қомақты айыппұлдар арқылы адамдарға маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін түсіндіруі қажет, деп санайды ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-15
Утром15.6 ℃
Днем19.99 ℃
Вечером16.5 ℃
Ночью14.3 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.57 м/с
2026-10-16
Утром11 ℃
Днем18.62 ℃
Вечером15.85 ℃
Ночью13.65 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.03 м/с