Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 70 мыңнан асты
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1636 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 70 339-ға жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 636 адам (ауру белгілері барлар – 908, жоқтар – 728) тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
Нұр-Сұлтан – 258;
Алматы – 220;
Атырау облысы – 184.
Республика бойынша барлығы 70 339 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 43 029, қайтыс болғандар саны – 375 (13 шілде).

БҚО — 103 адам тіркелді, 58 адамда клиникалық белгілері жоқ.
Өңірде науқастар саны — 4647 адамға жетіп, 3619 адам жазылса, 22 адам көз жұмды.
*17 шілде күні Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жұқтырып, көз жұмғандар саны 464-ке жеткенін хабарлады.
