Қазақстанда зейнетақы қорындағы ақшаның 10%-ін алуға рұқсат ету ұсынылды

Қоғамдық кеңестің басшысы зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат беру біреудің өмірін құтқаруы мүмкін деп санайды.

Көрнекі сурет.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жанындағы қоғамдық кеңес елдегі экономикалық ахуалға байланысты салымшыларға зейнетақы жинағының 10%-ін алуға рұқсат беруді ұсынды.

Тың бастама жайлы қоғамдық кеңестің басшысы Евгений Сейпульник желіде жазды.

«Қазіргі жағдай кәрілікке қажетті жинаққа деген көзқарасты өзгертуге және оған азаматтардың қаржылық проблемасын шешуге көмектесудің бір жолы деп қарауға түрткі болып отыр. Басқаша айтқанда, мен зейнетке шықпай тұрып, салымшылардың 10% мөлшеріндегі ақшасын кәдеге жаратуды ұсынамын», — деп жазды Сейпульник қоғамдық кеңестің Facebook-тегі парақшасында.

Айтуынша, әр салымшының өз жинағының 10%-ін мерзімінен бұрын шешіп алуы келесі жағдайларға әкеледі:

  • шоғырландырылған жинақ 1.7 триллион теңгеге азаяды;
  • орташа төлем әр салымшыға 42500 теңгеден 100 000 теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін;
  • салымшылардың Қор мен Ұлттық банк қызметіне сенімі артады;
  • қордың жұмысы жаңа деңгейге шығады.

«Әр салымшыға жинақтың 10%-ін төлеу міндет емес, оның құқығы ретінде қарастырылуы тиіс. Алайда бұл тәсіл біреудің өмірін құтқаруы мүмкін», — деді ол.

Сондай-ақ, Сейпульник аталған төлемді заңнамалық түрде бекітуге болады деп санайды. Әр салымшы шотындағы жинағының мөлшеріне қарамастан ақшаны мерзімінен бұрын бір рет шешіп алуға құқылы болады.

Ол қоғамдық кеңестің бастамасы көпшіліктің қолдауына ие болса, ұсыныс президентке жолданатынын атап өтті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-15
Утром15.6 ℃
Днем19.99 ℃
Вечером16.5 ℃
Ночью14.3 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.57 м/с
2026-10-16
Утром11 ℃
Днем18.62 ℃
Вечером15.85 ℃
Ночью13.65 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.03 м/с