«Екі аптада 18 қария көз жұмған»: Баян Алагөзова қарттар үйіндегі сұмдық жайтты баяндады

Баян Алагөзова Орал қаласындағы қарттардың жай-күйін баяндады. Қарттар үйінде 18 адамның қайтыс болғанын атап, оған не себеп болғанын жазды. Жергілікті билікке үндеу жолдады.

«Суретте менің туған қалам Орал әкімдігі. Жергілікті билік пен қоғам назарын аударғым келеді. Екі апта ішінде қарттар үйінде 18 адам көз жұмған. Мұндағы басшылық мұны күннің ыстығынан деп ақталып отыр. Сонда желдеткіш жоқ па? Бұл 21 ғасыр емес пе? Барлық жерде ұрлықтың бары мені таңғалдырмайды. Олар үшін қарттар да кедергі болмайды», – деп жазды ол парақшасына.

Продюсер қалалық прокуратураға үндеу жолдады. Қала басшылығы мен қоғам назарын осы жайтқа аударуға тырысты.

«Мұның бәріне коронавирус себеп. Бұны жақында жұмысымнан қуылған дәрігер жартылай растап отыр. Бұл қылмыс, қарттарға жасалған қылмысты қалалық прокуратура тексерсін. Кінәлілер тиісті жазасын алсын. Облыс орталығында осындай жағдай болып жатыр. Кішігірім ауылдар мен ауданда не болып жатқанын елестету қиын», – деді продюсер.

Продюсердің сөзін желідегі қолданушылары да қостай жөнелді.

«БҚО-ға тілі жоқ, тамағы бітік әкім келді. Жаңа әкім тек шабармандарын ауыстырумен отыр. Әлі күнге қалада ауыз су тоқтап тұр, індет өршіп тұр, дәріханаларда дәрі жоқ, болса қымбат. Оны қадағалап отырған әкім жоқ. Жұмысы орынбасарларды ауыстырумен айналысып отыр, халықпен шаруасы жоқ күнде кісі өлімі өсіп жатыр, айналада өрт қаптаған», «Орал қазір бұрынғыдай емес, әбден ластанған», «Халыққа қиын, қарапайым дәрігер жоқ, фельдшелер ғана қызмет көрсетеді», «Судың өзі краннан қоп-қоңыр болып ағады, лас су ішеміз», – деп жазды олар.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ:

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-05-17
Утром19.06 ℃
Днем30.69 ℃
Вечером28.23 ℃
Ночью21 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра6.05 м/с
2021-05-18
Утром19.05 ℃
Днем32 ℃
Вечером30.94 ℃
Ночью22.98 ℃
Влажность17 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.03 м/с