«Орал су бұрқақтарында су күн сайын, краннан сағат бойынша беріледі»: коммуналдық қызметкерлер себебін түсіндірді

Көпқабатты үйде тұратын Оралдықтар үшін тұратын жазғы уақытта судың болмауы жаңалық емес. Осы маусымда су белгілі бір сағаттарда берілетін кесте қосылды. Бірақ су қысымы реттеледі. Осының барлығы су ресурстарын үнемдеу мақсатында жасалады. Қала субұрқақтарында ағып жатқан су тұрғындардың наразылығын тудырып отыр.

Фото Рауль Упоровтікі.

Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) бөлімінен хабарлағандай, қалалық субұрқақтарға қызмет көрсету және күтіп ұстаумен «Жайық жарығы» ЖШС айналысады.

«Жайық Жарығы» ЖШС-де учаске бастығы Жанғазы Есенғалиев субұрқақтардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

– Жұмыс істеп тұрған субұрқақтар, мысалы, Тұңғыш Президент алаңындағы субұрқақты алайық. Күнделікті кесте бойынша, таңғы сағат 10-нан кешкі 11-ге дейін жұмыс істейді. «Батыс Су Арнасы» ЖШС-нің қызметкерлері субұрқақтарға су ағуын жүргізеді. Су толтыру-айына бір рет, – деді Жанғазы Есенғалиев.

Жанғазы Есенғалиевтің айтуынша, олардың жұмысы субұрқақтарға қызмет көрсету болып табылады, олар суды дезинфекциялайды, субұрқақты қоқыстан тазартады. Фонтандағы судың жеткілікті мөлшерде болуын қадағалайды.

– Су субұрқақтарға айына бір рет ғана беріледі. Оның шығыны үлкен емес. Кейде біз суды қосу үшін өтініш жасаймыз, бірақ бұл сирек. Қазір «Батыс Су Арнасы» ЖШС су беру қысымын реттеген кезде, бұл субұрқақтардың жұмысына да әсер етеді. Фонтанның шүмектерінен су аз арынмен құйылады. Содан кейін ешнәрсе жасауға болмайды, себебі су беру қысымы аз, – деді Жанғазы Есенғалиев.

Айта кетейік, ТКШ бөлімінде хабарлағандай, бүгінгі таңда субұрқақтардың жұмысы мәз емес. Олар мердігерге барлық ескертулерді жою туралы хат жолдады. Сондай-ақ, ТКШ-да бүгінгі күні жөндеуді қажет ететін субұрқақтар бар. Бұл үш субұрқақ, Чапаев, Датов және Пушкин сквері. Қазіргі уақытта мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Осыдан кейін жөндеу жұмыстары басталады.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-05-18
Утром18.89 ℃
Днем31.3 ℃
Вечером30.54 ℃
Ночью23.08 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.92 м/с
2021-05-19
Утром18.8 ℃
Днем30.21 ℃
Вечером26.79 ℃
Ночью22.94 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.26 м/с