Жұмыс іздеп жүрсеңіз
БҚО бойынша enbek. kz сайтына кіріп, өзіңіздің ыңғайыңызға сай жұмыс табуға болады. Осы сайтта жеке компаниялар 1070 бос жұмыс орнын жариялаған.

Олардың көбі «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыс жасап жүрген компаниялар.
Жұмысқа орналасу үшін мекеменің кадр бөлімі маманына хабарласа аласыз. Олардың телефон нөмірін enbek.kz электрондық еңбек биржасынан табуға болады.
Короновирус салдарынан көп жұмыс орындарында қысқартулар болып жатыр. Тіпті кейбірі толығымен жабылуда.

Cтатистика комитетінің сайтында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың наурыз айында 4,8% деп көрсетілген. Ал LS Aqparat ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ұлттық экономика министрлігі биыл Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 5,8%-ға өседі деп болжауда. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес бұл көрсеткіш алдағы уақытта 7,8%-ға дейін көтерілуі мүмкін.
Үкімет бұл мәселені жетік түсініп, жұмыссыздықтың алдын алуға қатысты іс-шарасын жүргізуде. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған бизнестің жаңа жол картасы бар. Аталған жол картасына 1 трлн теңге қаржы бөлінген. Жол картасына сәйкес елімізде 242 мың жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұнымен қатар, үкімет құны 50 млрд теңге тұратын «Еңбек» бағдарламасы арқылы 136 мың жаңа жұмыс орнын ашпақ.
