Ақсайда полицейлер карантин кезіндегі мерейтойды тоқтатты
Отбасы салтанатын өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, бейтаныс азаматтар инфекцияның таралу қаупін арттыра отырып, кештер өткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Бөрлі аудандық полиция қызметкерлері жеке үйлердің бірінде үй иесінің туған күнін тойлап жатқандардың үстінен түсті. Тәртіп сақшылары келгенде шақырылған қонақтар қашып кетті, бірақ полиция қызметкерлері отырысты фото және бейне жазбаға түсіріп үлгерген.
«Отырысты ұйымдастырушыға қатысты ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Салтанатты жиынға 20 – дан астам адам қатысты, оларда түсініктеме алынды», – деді Бөрлі РҚБ бастығы Дәурен Өтеғұлов.
Коронавирустық инфекцияның таралуына және өлім жағдайларының санына қарамастан, адамдар осындай іс-шаралардың барлық қауіптілігін, карантиндік ережелерді қатаң сақтау керектігін толық түсінбейді. Полиция қызметкерлері тұрғындар арасында, қала көшелерінде және елді мекендерде кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ карантинді сақтау бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізуде. Бөрлі полицейлері бір ғана рейд барысында 20-ға жуық заңбұзушылықты тіркеді.
«Полиция бөлімінің қызметкерлері күн сайын карантиндік шараларды сақтау бойынша рейдтер жүргізеді. Бүгінгі таңда карантинді бұзудың 60 фактісі анықталды, негізінен сағат 23:00-ден кейін жүріп-тұруға тыйым салуды бұзу. Сондай-ақ, бір реттік маскаларды жоғары бағамен сатудың екі фактісі анықталды, бұл да заңсыз болып табылады. Барлық материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі және бақылау бөліміне жіберілді», – деп атап өтті Д.Өтеғұлов.