Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: 1 қыркүйек оқушылардың дәстүрлі кездесуі өткізілмейтінін, 2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы көтерілетінін айтты

Оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйекте дәстүрлі алғашқы қоңырау өткізілмейді және енді қаңтардан бастап мұғалңмдердің жалақысы 25 пайызға өседі деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

«ОА» мұрағатынан.

«Біз дәстүрлі кездесу болмайды деп санаймыз. Сіздер эпидемиологиялық жағдайды өздеріңіз көріп отырсыздар. Сонымен қатар, бұл қисынсыз болар еді: біздің балаларымыз қашықтықтан оқытылады. Барлық балаларды бірден дәстүрлі білім күніне алып келу қисынсыз. Сондықтан біз жаңа жылға дейін мектептерге жаппай шаралар өткізбеуге кеңес береміз», – деді Аймағамбетов Tengrinews.kz-тің инстаграмдағы тікелей эфирінде.

Оның айтуынша, тіпті коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы едәуір жақсарған болса да, оқу аусымында ЖРВИ ауруы басталады.

«Жалпы, біз біртіндеп дәстүрлі режимге көшуіміз керек», – деп түйіндеді министр.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқармайтынын, керісінше 2021 жылдың қаңтарынан бастап көтерілетінін айтты.

«Мұғалімдерге көп салмақ түсті. Кей жерлерде керісінше салмақ азайды деген пікірлер айтылады, бірақ жұмыстары еселеніп кеткен. Жақында мұғалімдерді ақысыз демалысқа жібереді деген пікір болды, біз бұл бойынша жедел әрекет еттік, біздің ойымызша, педагог тамызда да бұған дейін қанша алды, сонша алуы керек», – деді Аймағамбетов желідегі тікелей эфирде.

Министр мұғалімдердің жалақысын азайту үшін қашықтан оқуды сылтау еткісі келгендер болғанын айтты.

«Мен онымен келіспеймін. Біз қашықтан оқу мұғалімнің жалақысына әсер етпеуі керек деген шешім шығардық. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша педагогтердің жалақысы көтерілді. Қыркүйектен бастап «Педагог мәртебесі» заңына сәйкес қосымша үстемақы болады, ол да мұғалімдер үшін айтарлықтай көмек. Енді қаңтардан бастап әріптестеріміздің жалақысы 25 пайызға өседі», – деді министр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с