ІІМ 25 шілдеден бастап табиғатқа зиян келтіргендерге айыппұл салмақ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте қазақстандықтардың табиғатқа қалай зиян келтіріп жатқаны жайлы бүгін президентпен сөйлескенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде табиғатқа зиян келтіргендерге айыппұлдарды арттыруды тапсырды.

«ОА» мұрағатынан.

Министр Мағзұм Мырзағалиев мемлекет қоршаған ортаны ластайтын және оған зиян келтіретін ел тұрғындарына қарсы шара қолдануға ниетті екенін айтты.

Ол Ақтаудағы итбалықтарға қатысты жағдайды, Бурабайдағы қоқыс үйіндісі, Алматыдағы Ботаникалық бақтағы вандализмді, Қызыл кітапқа енген Алматыдағы лотос гүлінің жұлынуы, Көбейітұздағы тұздың қолды болуы және т.б. жағдайларды еске салды.

Экология министрлігінде бұл мәселені шешудің екі әдісі бар екенін атап өтті. Ол – балаларға экологиялық білім беру және ересектерге айыппұл салу жазасын қолдану.

«ОА» мұрағатынан.

Сондай-ақ, Мырзағалиев министрлік Ішкі істер министрлігімен бірге табиғатқа зиян келтіретіндермен күресетінін жеткізді.

Сенбі 25 шілдеден бастап полиция демалыс орындарына рейд жасап, халыққа айыппұл сала бастайды, енді  елімізде алдағы уақытта айыппұлдар мөлшері артады.

«Бүгін мен түске дейін президентпен сөйлестім, мемлекет басшысы табиғатқа зиян келтіргені үшін жауапкершілікті қатаңдатып, айыппұлдарды арттыруды қайта қарауды тапсырды», – дейді министр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с