Орал тұрғыны тапшы дәріні заңсыз сатқан
Ер адам енді ҚР заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Оның дәрілерге тиісті құжаттары да болмаған.

Оралда тапшы дәрі-дәрмектерді рұқсат құжатынсыз сату фактісі анықталды, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
«Орал тұрғыны жалпы сомасы 70 000 теңгеге «Ингавирин 90», «Ксарелто», «Ацетилсалицил қышқылы» дәрілік заттарын сатқан. Сонымен қатар, оның тиісті рұқсат құжаттары жоқ», – деп хабарлады ведомстводан.
Жиналған материал кінәлі адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органға жіберілді.