Айыптаушы өз әйелі мен қыздарын өлтірген соталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы іс бойынша сот процесінде прокурор соттан сотталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім беруді сұрады. Айыптаудың пікірінше, ер адам өзінің әйелі мен қыздарын өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін үйін өртеп жіберген. Қорғау соттан сотталушыны абайсызда кісі өліміне кінәлі деп тануды сұрайды.

Сотталушы Серік Кафизов.

Сот барысында, БҚО тұрғыны Серік Кафизов, 9 сәуірде әйелі мен кішкене қыздары жатқан үйді өртеп жіберу ісі бойынша тараптар жарыссөздерге кірісті. Мемлекеттік айыптаушы соттан сотталушыны аса қатыгездікпен екі және одан да көп адамды өлтіруге кінәлі деп тануды және оны өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім беруді сұрады. Сондай-ақ, айыптау сотқа Тасқала ауданының полиция басшылығына қатысты жеке ұйғарым шығаруды сұрады. Айыптаушының пікірінше, полицейлердің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша немқұрайлы қарауы осы қайғылы оқиғаның себептерінің бірі болды. Өз сөзінде прокурор сондай-ақ соттан қаза тапқан Жадыра Жұмалиеваның ата-анасының азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, сотталушыдан 33 миллион теңге моральдық және материалдық шығын өндіріп алуды сұрады.

Сот процесі кезінде Жадыра Жұмалиеваның әкесі Ақболат Жұмалиев келтірген шығынды 48 миллион теңгеге бағалады.

Жадыра Жұмалиеваның әкесі, онлайн-отырыс кезінде.

Сотта жәбірленуші тарап Ақболат Жұмалиев, өзінің бұрынғы күйеу баласы Жадыра Жұмалиеваны және 8 жасар Айша мен 6 жасар Инабатты қасақана өлтіргені үшін айыптады. Оның пікірінше, Серік Кафизов трагедия түні өзінің жұбайы Жадыра мен өзінің үлкен қызы Айшаны өлтірді. Сонымен қатар, Ақболат Жұмалиев, оның бұрыңғы күйеу баласы Серік үйде оның кіші қызы Инабат қалғанын біле тұра, қылмыс іздерін жасыру мақсатында үйді қасақана өртеп жібергеніне сенімді.

— Сондықтан мен осы адамға заңмен көзделген ең ауыр жаза — өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды сұраймын, – деді Ақболат Жұмалиев.

Жадыра мен оның қыздары Инабаттың (сол жақта) және Айша (оң жақта).

Сотталушы, жарыссөзге дейін, қайғылы оқиғаның мән-жайы туралы сотқа айтып, оның жұбайы мен балаларын өлтіруге ниеті болмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ол өзінің бұрынғы жұбайына үйіне қайтып оралуға көндіріп, ажырасу туралы өтінішін қайтарып алу үшін келген. Серік Кафизов үйге 5 литрлік бензин бөтелкесін әкелгенін мойындады, бірақ оны тек Жадыраны қорқыту үшін жасадым деді.

— Мен онда тек 100-200 грамм бензинді ғана құйдым. Бірақ бір сәтте менің қолымнан жанып тұрған сіріңке түсіп кетіп, бензинмен бөтелкеге құлады. Күшті жалын мені шығу жағына лақтырып жіберді. Үй жана бастады. Мен өзімнің әйелім мен балаларымды құтқара алмадым, өйткені жалын бүкіл үйді тез орап алды, – деді Серік Кафизов.

Сот сұрақтарына жауап бере отырып, сотталушы жанып жатқан үйден шығып, пышақты алып, көшеде тамағын оруға тырысты, бірақ оны жасай алмады. Оның сөзіне қарағанда, ол жанып жатқан үйден 3-4 метр қашықтықта болған, үйден дауыс естімеген және өрт басталғаннан кейін 5-10 минут өткен соң өрт орнынан қашып кеткен.

Жарыссөз кезінде Серік Кафизов сөз сөйлеуден бас тартты және сот оған соңғы сөз берген кезде ғана, ол бұрынғы жұбайының ата-анасынан кешірім сұрады. Ақболат Жұмалиевтің айтуынша, бұл сотталушыдан сот процесі басталғаннан бері естігені туралы алғашқы сөз болған.

Сотта Серік Кафизовтың қорғаушысы Таужанова қорғаушысы соттан оны абайсызда кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тануды және оны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот осы іс бойынша үкімді 30 шілде күні сағат 11-ге тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 9 сәуірде түнде Тасқала ауданы Ақтау кентіндегі жеке үйде өрт шықты. Үйдегі өртті сөндіргеннен кейін Жадыра Жұмалиева мен оның үлкен қызы 8 жасар Айшаның жатын бөлмеден қатты жанып кеткен мәйіттері табылды. Тағы бір баланың қатты күйіп қалған қаңқасы жанып кеткен үйдің ас бөлмесінен табылды. Кейінірек сараптама бұл қалдықтар, Серік пен Жадыраның кіші қызы 6 жасар Инабатқа тиесілі екенін мойындады. Серік Кафизов елді мекеннен бірнеше шақырым жердегі қайғылы оқиғадан кейін бірнеше сағат өткен соң, мойынын пышақпен жарақаттаған. Екі тәуліктен кейін оған үйді өртеп жіберген деген айып тағылды. Жадыра Жұмалиеваның ата-анасы кейінірек қызының күйеуі тарапынан жүйелі түрде ұрып-соғу болғанын хабарлады. Осы жылдың ақпан айында болған ұрыстардан кейін Жадыра балалармен күйеуінен кетіп, ажырасуға шешім қабылдады. Сол кезде Серік Кафизов Жадыраның ата-анасының үйіне келіп, кешірім сұрады, бірақ бұрынғы жұбайынан кешірім ала алмағасын, оны өртеуге уәде берді. Қайғылы оқиға орнынан толық репортажды осы сілтеме бойынша оқыңыз.

Осы тақырып бойынша оқыңыз:

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером9.13 ℃
Ночью7.37 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с