«Егер айқай болмағанда, біз келмес едік»: қайтыс болған зейнеткердің денесінің айналасындағы жағдай оны алып кеткенге дейін қалай дамыды
Осы басылымға дейін 71 жасар зейнеткер Светлана Казанцеваның Учужный затон саяжайында қайтыс болғаны туралы бірнеше жаңалық бар. Олардың айтуына қарағанда, мәйіт қайтыс болғаннан кейін екі күн өткеннен соң алынды деп жазса, алайда зейнеткерлердің көршілері дене 5 күн — 21 шілде күнгі түннен, 25-і кешке дейін жатқанын айтады. Журналистер шу көтергеннен кейін, әйелді оның үйінің ауласында жерлемек болғаннан соң ғана,әйелдің денесін полиция алып кетті. Бірақ қазір оның мәйітін еріктілер таба алмауда – қаланың мйәтханалары Светлананың денесін әкелмегенін айтады.

Учужный затонға жол саяжай үйлерін, даланы және шағын орман алқабын айналып өтіп, 2 саяжайдан кейін барады. Қаладан шамамен 18-20 шақырым, жолдың басым бөлігі шоқалақ пен орлар. Жергілікті тұрғындар «Кірпіш зауыты» ауданы арқылы өтуге болатынын айтады, бірақ онда жол өте нашар. Учужный затон ішіндегі жол өте тар – екі машина қарама-қарсы келсе өте алмайды. Осындай тар көшелердің бірінде Светлана Казанцева тұрған үй бар.

Сол жерде бізді зейнеткердің көршісі Юрий Недекин қарсы алды. Қайтыс болған адамның үйіне барар жолда тағы бір «қызып алған» ер адам кездесіп, жол бойы әзілдеп, күліп-ойнап, дөрекі әзіл айтумен болды.
«Назар аудармаңыз», — деді Юрий. – Мұнда бәрі дерлік ішеді.
Зейнеткердің үйінде тыныш болды. Бірақ мәйіт иісі әлі де сезілді. Біз денесін алып кетуге келген полициямен кішкене кездесе алмай қалдық — олар келуден жарты сағат бұрын кетіп қалды.

«Халыққа көп болды, полиция, сараптама қызметкерлері, олар алғашқы келіп, басшылықты күтіп тұрды.Бір сағат күткен шығар. Содан кейін мәйіт салынған қапты машинаға салып, кетіп қалды», – деді Юрий Недодекин. – Ал олар, оның ұлдары оны аулада жерлеуге тырысты. Оларды әрең көндірдік. Дегенмен, бұл дұрыс емес. 40 метр жерде қабір бар екенін білу, жағымсыз емес пе».
Үйде ешкім жоқ болып шықты.Есік жабық, ал қақпасы жоқ болса да-рұқсатсыз кіре алмадық. Бір жағынан-иістің салдарынан, бірде күшейіп, желдің бағытына байланысты кейде жоғалып кететін иіске байланысты. Не болғанын білу үшін қарама-қарсы тұрған үйге келдік. Бізге егде жастағы әйел шықты. Оның әңгімесі бойынша Светлана Николаевнамен олар бұрыннан таныс екен.

«Бәрі 22 шілдеде болды. Әдетте таңертең Светаның шыққанын есігі ашылады. Базарға шыққан болар деп ойладым. Мен оны күттім, ал оның келетін түрі жоқ. Мен автобуспен 12-де немесе 15-те оралар деп ойладым. Келмегені мені алаңдатты. Кешке қарай сағат алтыда оның кіші ұлы 41 жастағы Юра Казанцев келді. Ол маған «Тая апа!» деді, басын ұстап, жылап «Не істеймін, анам қайтыс болды! Ол жерде сап – сары болып, дем алмай жатыр», -деп айқайлады, деді қайтыс болған зейнеткердің көршісі.

Содан кейін Светлана Казанцеваның көршілері мен ұлы жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Жедел жәрдем сағат 11-ге келді, жалғыз, полициясыз. Өлімді тіркеп, зорлық-зомбылық белгілері жоқ деген қағаз берді. Түнгі бірде ме, екіде ме, полиция келді. Көршісі үйде жалғыз болғандықтан шыға алмады. Тек: «Светлананы алып кеткені жақсы болды» деп ойладым. Ал 23 шілде күні таңертең қайтыс болған әйелдің ұлы: «Анамды алған жоқ»деп хабарлады. Оның орнына полиция «Талап» салттық агенттігіне қоңырау шалып, 24 000 теңге төлеуді ұсынған.

«Біздің жастарымыз кентті аралап, ақша жинады», — дейді көршісі. – «Талапқа» қоңырау шалдық, ал онда «Біз ала алмаймыз, бір тәулік өткен, біз алмаймыз» дейді. Біз қалған екі салттық агенттікке қоңырау шалдық, бірақ жауап бірдей болды. Онда біз өзіміз әкелейік дедік. Бірақ бұдан да бас тартты. Біз полицияға тағы да қоңырау шалдық. Қалалық полиция бөліміне қосты, сондағы қызметкерге барлығы айтып бердік, ол: «Бастыққа айтамын, қайта қоңырау шаламын» деді. Уақыт өтіп жатты, 23-і түстен ауды, ешкім қайта қоңырау шалмады. Мен немереме көмектесуді сұрадым, Аленка тағы да барлық салттық агенттіктерді, мәйітханаларды аралап шықты. Полицияға да барды. Онда алып кете алмаймыз, өйткені «мәйітаситындары» жоқ, және мүлдем бұл қылмыстық іс емес деген. Ешкім де бұл жағдайда не істеу керектігін айтпаған. Сол кезде немересі интернетте жазып, журналистерге хабарлаған».
Егер әйел 21-шілде түнінде өткенін ескерсек, онда әңгіме бойынша үшінші тәулікке кетті. Денеден жағымсыз иіс шыға бастады.
«23-нен 24-не қараған түн желді болды, мұнда жағымсыз иіс қатты таралды. Бірнеше көшеге жайылды. Ұлдарында қайтыс болғаны туралы қағаз болған, бірақ қайтыс болғаны туралы куәлік болған жоқ. Абай полиция бөліміне барған, ХҚКО-нан анықтама алу керек деген, бірақ ұлдары мұны істей алмады. Сонда немересі салт-жоралғы қызметіне қайтадан қоңырау соғып, біз дем ала алмай отырмыз деген. Бізге мәйітті тығыз қапқа салып, дезинфекция жүргізе алатынын айтты, бұл 30 000 теңге тұрады. Бұл 24 күні болды. Біз көршілерімізбен қажетті соманы жинадық, оны қапқа салуға келді. Аяқтағаннан кейін, қызметкерлер денеде шыбындар қонғанын, құрттай бастағанын айтты. Мәйіт саси бастаған», – деп есіне алады зейнеткердің көршісі.

Әйел адамның әңгімесі бойынша өтініш жасаған тұрғындардың біреуі Светлана Казанцеваны орманға «көмуді» ұсынған. Валерий Казанцев сол кезде оның ұлы, учаскеде қабір қазып, көметінін айтқан.
«Төзімсіз иіс тұрды, біз бәріміз тұншықдық. Тағы күндері қатты ыстық болып тұрды. Сенбі күні, 25 күні мұнда халық көп жиналды, өздері жерлеуді шешті. Біз ол неден қайтыс болғанын білмедік. Вирус болса ше. Ол жатқан нәрселерді өртегісі келді, бірақ, жел күшті болды, одан да қатты иіс тарады. Күтуді шештік, ал балалар кім қазатынын талқылай бастады. Мұнда Юра [Недодекин, әйелдің көршісі] келіп,олай істеуге болмайтынын айта бастады, өзі айтып берсін», – деді көршісі.
«Иә, мен оларды айныта бастадым, себебі бұл қылмыстық іс, заңсыз жерлеу. Әлі де шешуге тырысайық дедім. Таныс журналистке қоңырау шалып, ол облыс әкімдігімен хабарласып, көмектесуге уәде берді», — деді Юрий Недодекин.

Юрийдің айтуынша, Валерий Казанцев пен оның достары мәселе шешілгенше қабірді қаза бастады, бірақ ол керек болмады: облыстық әкімдік Светлана Казанцеваның үйіне араласқаннан кейін бір сағаттан соң полиция қайтадан келді, бұл жолы денені алып кетуге.
«Мұнда қалалық полиция бөлімінің бастығы болды. Тегін еске сақтай алмадық. Біздің жерлеуге ақша жинаған, «қазынашыға» келіп, былай деді: «Егер айқай болмаса, біз мұнда мүлдем келмеске едік». Сенесіз бе? Тек шуды көтергендіктен, олар келген! Егер жария болмаса, ешкімнің ісі болмас еді», – деді зейнеткер.
Юрий Недодекиннің айтуынша, үш көлік келді – алдымен «жеңіл» және денесіне арналған Уаз, олар басшылары келетін, тағы бір «жеңіл» машинаны күтті.

«Бұл бүгін (25 шілде – «ОА») шамамен кешкі жеті жарымда болды. Біз оны қайда апаратынын сұрадық. Бізге 31 мектепке мәйітханаға деді. БҚО әкімдігі жерлеуді ұйымдастыруға көмектеседі, оларды өз мойнына алады, деді», – деп толықтырды Юрий Недодекин.
Осы кеште Светлана Казанцеваның ұлдарын табу және олардың қайтыс болғаны туралы куәлікті неге ала алмағанын білу мүмкін болмады. Юрий Казанцев біреулерге ішуді жалғастыруға кеткен, ал Валерий Казанцев қайтыс болғанға дейін бірнеше күн бұрын анасымен ұрысып қалып, жазды орманда «шығарып салуға» кеткен.

Бүгін 27 шілде күні «ОА» редакциясына көрші Светлана Казанцеваның немересі Алена қайтадан келіп, еріктілер әйелдің денесін таба алмағанын хабарлады.
«Біз 31 мектептің мәйітханасына анықтамалықта көрсетілген бірыңғай нөмір бойынша қоңырау шалдық. Онда мұндай әйел туралы ешқандай ақпарат жоқ деп айтты. Басқа мәйітханаға да қоңырау шалдық-онда да жоқ! Біз оны қайдан іздеуді білмейміз. Полиция бізге бұл олардың ісі емес, оларға қатысты жоқ екенін айтты. Бізге жерлегенін білу керек еді? Қайда жерледі? Қабіріне қайда бару керек?Қайдан іздеу керек дейді,қынжылған Алена.
Жарияланған кезде Светлана Казанцеваның денесі қайда жоғалғаны туралы органдардан ешқандай түсініктеме түскен жоқ.
Нана Иксанова
Автордың фотосуреттері (куәгерлердің фотосуреттерін қоспағанда)