Қазақстанда 6 күнде 208 адам коронавирустан қайтыс болды
Коронавирустық инфекция диагнозы қойылған 208 қазақстандық 20-26 шілде аралығында қайтыс болды, деп хабарлайды Сronavirus2020.kz.
Марқұмдардың арасында 26 жастағы (Түркістан облысында) және 29 жастағы науқастар (Алматы қаласы мен Алматы облысы) бар.
Ресми ақпаратқа сәйкес, аймақтар бойынша қауіпті вирустан болған өлім-жітім статистикасы келесідей:
Ақмола облысы-7;
Алматы облысы-10;
Атырау облысы – 4;
Батыс Қазақстан облысы-12;
Шығыс Қазақстан Облысы-23;
Ақтөбе облысы – 1;
Жамбыл облысы – 28;
Қарағанды облысы – 56;
Қостанай облысы – 3;
Маңғыстау облысы – 8;
Солтүстік Қазақстан облысы-6;
Түркістан облысы – 2;
Нұр – Сұлтан қаласы -10;
Алматы қаласы – 38.
Бұл жағдайлардың барлығын арнайы комиссия коронавирустық инфекцияның салдарынан өлім ретінде тіркеді. Елдегі вирустан болған өлімнің жалпы саны 793-ке дейін өсті.
Батыс Қазақстан облысында қайтыс болған 12 адамның үшеуі ер адам, тоғызы әйел адам.
Ерлер: 1949, 1961, 1952 жылы туғандар, Әйелдер: 1961, 1947, 1950, 1949, 1963, 1944, 1950, 1947, 1940 туғандар.
Өңірімізде жалпы қайтыс болғандардың саны – 34 адамға жетті.