Алексей Цой: Бетперде тағу қауіпсіздік белдіктерін пайдалану сияқты қадағалануы керек

Коронавируспен күресте қабылданған шаралардың тиімділігі 70% азаматтардың санасына және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына байланысты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында мәлімдеді.

Көрнекі сурет.

«Covid-19 аурушаңдығы мен өлім-жітімі бойынша жағдайды одан әрі тұрақтандыру үйлесімді жұмыс пен экономиканың барлық секторларын тартуға байланысты екенін ерекше атап өткім келеді. Атап айтқанда, қабылданып жатқан тұрақтандыру шараларының тиімділігі медициналық көмек пен эпидемиологиялық іс-шаралардың сапасына тек 30%-ға ғана байланысты. Осылайша, қалған 70%-ы бетперде режимін және 30%-ы гигиенаны сақтау, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтау – 40% құрайды», – деді денсаулық сақтау министрі.

Министрдің айтуынша, үйден тыс жерлерде маска тағу инфекцияның таралуын 30%-ға азайтады. Инфекцияның таралуында қол тазалығы да ерекше рөл атқарады.

«Осыған байланысты, біріншіден, қауіпсіздік белдігін міндетті түрде қолдану сияқты мүдделі мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарды тарта отырып, бетперде режимін сақтау үшін бизнестің бақылауы мен жауапкершілігін күшейту қажет», – деді Цой.

Екіншіден, барлық қоғамдық орындарда қолды өңдеу үшін санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету.

Үшіншіден, барлық ақпараттық арналар бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әлеуметтік қашықтық принципі де сақталуы керек.

Қазақстанда Covid-19 жұқтырғандар саны 86 192-ге, қайтыс болғандар 793-ке жетті

Елімізде өткен тәулікте 1544 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 544 адам (ауру белгілері барлар – 784, жоқтар – 760) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

Алматы – 271;

Нұр-Сұлтан – 250;

Шығыс Қазақстан облысы – 193;

Қарағанды облысы – 129.

Республика бойынша барлығы 86 192 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 56 638, қайтыс болғандар саны – 793.

БҚО 80 адамнан анықталды. Оның 41-де ауру белгілері жоқтар. Өңірімізде жалпы саны 5560 адам жұқтырса, қайтыс болғандар 34 адамға жетті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-06-24
Утром23.25 ℃
Днем31.52 ℃
Вечером31.79 ℃
Ночью25.56 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра4.62 м/с
2021-06-25
Утром21.52 ℃
Днем30.32 ℃
Вечером30.73 ℃
Ночью25.7 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра3.65 м/с