COVID-19 жұқтырған қазақстандықтарға тегін дәрілер қашан және қайда беріледі

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырып алған қазақстандықтарға тегін түрде берілетін дәрі-дәрмектерді анықтап алды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді деп хабарлайды KZ ДСМ ресми telegram-арнасы Coronavirus2020.kz.

Коронавирус инфекциясының емі мен диагностикасы үшін осымен дәрі-дәрмектің бес түрі енгізілді. Бұл препараттар амбулаторлық науқастарға арналған. Олардың қатарында «Парацетамол», «Ибупрофен», «Дабигатран», «Апиксабан» мен «Ривароксабан» бар.

Бюрабекованың мәлімдеуінше, аталмыш дәрі-дәрмектер COVID-19 инфекциясының өту қарқынын жеңілдетіп, оның ушығып кетпеуіне көмектеседі.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау министрлігі «СК-Фармация» компаниясымен біріге отырып, дәрілерді сатып алып жатыр. Қос мекеме алдағы уақытта тез арада препараттарды мемлекет өңірлеріне жібермек. Вице-министрдің айтуынша, облыстарға аталмыш дәрі-дәрмектер он күннен кейін жеткізіледі.

Коронавирус жұқтырып алған қазақстандықтар дәрілерді емдеуші дәрігердің ұсынатын дәріқағазы бойынша емханадан ала алады. Егер медицина қызметкерлері түрлі себептермен аталмыш препараттарды беруден бас тартып жатса, қазақстандықтар бірыңғай дистрибьютордың жедел желісіне хабарласып, шағым түсіре алады.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-16
Утром-14.83 ℃
Днем-12.78 ℃
Вечером-12.19 ℃
Ночью-13.47 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.61 м/с
2026-01-17
Утром-17.86 ℃
Днем-16.43 ℃
Вечером-19.12 ℃
Ночью-21.15 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра6.71 м/с