Батысқазақстандық дәрігерлер «Ақжайық» шипажайында демалуда

Коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері «Ақжайық» шипажайында демалып, ем қабылдауда.

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің ұсынысымен дәрігерлерді «Ақжайық» шипажайында тегін демалдыру жөнінде шешім қабылданды. Теректі ауданы аумағында Жайық өзені жағалауында, орманды жерде орналасқан «Ақжайық» шипажайы әуелден елге кеңінен танымал.

Шипажай директоры Альберт Сафуллиннің айтуынша, қазірдің өзінде тоғыз дәрігер демалып үлгерді. Күні бүгін 21 медицина қызметкері ем алуда. Жұқпалы аурулар ауруханасы мен провизорлық стационарларда қауіп-қатерге қарамай, күн-түн демей еңбек етіп жүрген дәрігерлер (барлығы 200-дей) демалысқа шыққан кезінде қыркүйек айының аяғына дейін қабылданатын болады.

Екі адамдық бөлмеде жататын келушілер тиісті ем-дом қабылдайды. Клубта ұйымдастырылатын мәдени шараларға қатысып, бильярд, теннис ойнайды. Сауна мен бассейнге де түсе алады. Осылайша денсаулығын шыңдап, тыныққан медицина қызметкерлері өз қызметтеріне қайта оралатын болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-06-21
Утром21.7 ℃
Днем29.57 ℃
Вечером30.36 ℃
Ночью23.65 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра3.94 м/с
2021-06-22
Утром22.17 ℃
Днем31.07 ℃
Вечером31.51 ℃
Ночью26.4 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.79 м/с