Қазақстанда балаларға бетпердесіз жүруге рұқсат етілді

Сонымен қатар, көшеде спортпен шұғылданып жатқан адамдар да маскасыз жүре алады.

Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық маскаларды міндетті түрде кию туралы бұйрыққа өзгеріс енгізді.

Өзгерістерге сәйкес, енді бес жасқа дейінгі балалар қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, сондай-ақ автобуста бетпердесіз жүруі мүмкін.

«Қоғамдық орындарда медициналық немесе мата маскаларын кию міндетті болып табылады, бес жасқа дейінгі балалар мен жеке, топтық спортпен айналысатын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес адамнан аспайтын;», — делінген құжатта.

Осыған дейін Қазақстанда 30 Шілдеде көшеде қоғамдық орындарда медициналық бетперде кию туралы бұйрықты орындамау жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салуға әкеп соғатынын және балалардың міндетті түрде маска тағуына қатысты пікірді жазған болатынбыз.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 289 адам (ауру белгілері барлар – 708, жоқтар – 581) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

Нұр-Сұлтан – 226;

Алматы – 211;

Шығыс Қазақстан облысы – 111;

Қарағанды облысы – 110.

Республика бойынша барлығы 90 367 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 60 825, қайтыс болғандар саны – 793 (28 шілде).

Батыс Қазақстан облысы – 76 адамнан анықталды, оның 46 -да ауру белгілері жоқ.

БҚО жалпы ауырғандар – 5789 адам, жазылып шыққандары – 5069, қайтыс болғаны-34 адам.

Айта кетейік, бүгіннен бастап елімізде коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болады. Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 тамыздан бастап статистика қалай жүргізілетінін айтқан еді. Ал бұған дейін мемлекет басшысы үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді тапсырған болатын. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-16
Утром-3.92 ℃
Днем-4.15 ℃
Вечером-6.85 ℃
Ночью-9.66 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра6.04 м/с
2025-01-17
Утром-9.7 ℃
Днем-5.02 ℃
Вечером-3.71 ℃
Ночью-2.76 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.46 м/с