Қазақстанда бір тәулікте 36 адам коронавирустан, тағы 30-ы пневмониядан қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 және пневмония бойынша жаңартылған статистиканы жариялады.

Көрнекі сурет.

Қазақстанда бірінші тамыздан коронавирус бойынша жаңартылған статистика жүргізіле бастады.

«ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросымен бірқатар техникалық консультациядан кейін аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа кодтары бойынша COVID-19 жағдайларын кодтауға және есепке алуға көшу туралы шешім қабылданды. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 зертханалық расталған жағдайларымен қатар коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар ПТР тесттің теріс нәтижесі, пневмония жағдайлары ескеріледі», – делінген хабарламада.

Осылайша, 1 тамыздағы жағдай бойынша, COVID-19 зертханалық расталған науқас саны – 1226. Соңғы бір тәулікте 36 адам қайтыс болды.

Коронавирустық инфекцияның клиникалық және эпидемиологиялық белгілері табылған пневмониямен ауырғандар саны – 5181. Өткен тәулікте пневмониядан 30 адам көз жұмды.

«Кронавирус инфекциясы және пневмонияны есепке алудың өзгертілген тәсілдері аурудың дұрыс болжамдарын жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадрларды, төсек-орындарды, медициналық жабдықтарды, дәрілік заттарды жоспарлауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады министрлік.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекция бойынша статистикалық деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін кодтау алгоритмі мен ақпараттық жүйелерге деректерді енгізу жөніндегі нұсқаулықты әзірледі, АХЖ-10 жіктемесінде Covid-19 кодтарын тағайындауға қатысты медицина қызметкерлерін оқытты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-15
Утром16.41 ℃
Днем17.65 ℃
Вечером18.56 ℃
Ночью15.36 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.34 м/с
2025-06-16
Утром16.17 ℃
Днем24.84 ℃
Вечером22.78 ℃
Ночью19.03 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.76 м/с