Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды
Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне 2018 жылы тағайындалған болатын, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
ҚР ҚМ қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті ұстағанын растады. Ол бюджеттің қаржысын жымқырғаны үшін айыпталуда, – делінген хабарламада.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды
Айта кетейік, Олжас Әбішев 2018 жылы вице-министр болып тағайындалды.
Олжас Әбішев түрлі жылдары:
«Қазагромаркетинг» АҚ,
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ,
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ,
«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ,
«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ,
«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ,
«Astana Innovations» АҚ,
«Тұран Астана» университетінде, сондай-ақ, коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2017 жылғы қыркүйек айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» РМК бас директоры лауазымын атқарған.