Оралда «Омега» ауданында автокөлік көпірі ашылды
Көпірдің құрылысы мерзімінен бұрын аяқталды. Кесте бойынша 2021 жылдың бірінші жартысында аяқтау жоспарланған болатын. Кейінірек мерзім 2020 жылдың соңына дейін қысқарды. Нәтижесінде жол өтпесі 2 тамыз күні таңертең ашылды.
Көпір құрылысының бас мердігері – «Ка Строй ЛТД» ЖШС компаниясы. Сол компания Депо ауданында көпір салды. Тапсырыс беруші – КПО б.в. көпір Тапсырыс беруші бөлген 5,2 миллиард теңгеге салынды.
Көпірдің ашылуына қала тұрғындары, қала және облыс әкімдері, әкімдердің орынбасарлары, тапсырыс беруші мен мердігердің өкілдері қатысты. Олар құрылысшылармен кездесіп, жұмысы үшін алғыстарын білдірді.
Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің айтуынша, көпірге үш жыл кепілдік берілген.
– Кепілдік үш жыл берілсе де, құрылысшылар, «Көпір кем дегенде 50 жылға шыдайды» дейді. Бізде іс жүзінде жаңа көпір салынды. 140 қадалар соғылған. 24 және 33 метр аражабынның арқалықтары орнатылды, — деді Ғали Есқалиев.
КПО б.в. әлеуметтік жобалар бөлімінің менеджері, Тапсырыс берушінің өкілі Әубәкіров Ержан, көпірдің құрылысы кезінде жол өтпесінің өлшемдері толығымен өзгергенін хабарлады.
– Жол өтпесінде аралық құрылыс ұлғайтылды. Көпір астында орналасқан теміржолдарда өткізу қабілеті артуы үшін колонналар қысқарды. Айта кету керек, көпірдің конструкциясында полиуретанды тірек бөліктері қолданылады. Бұрын резеңке қолданылған. Көпірдің жабынында барлық пайдалану-техникалық сипаттамаларға жауап беретін қиыршық тас – мастикалық асфальт — бетон қоспасы бар, – деді Ержан Әубәкіров.
Оның айтуынша, көпірде жарықтандыру толығымен ауыстырылды.
– Қазір көпірге түнгі уақытта, күндізгідей жүруге болады. Көпір салу кезінде жергілікті қазақстандық өндірушілердің материалдарын пайдалануға тырысты. Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Алматы қалаларынан материалдарға тапсырыс берілді-деді Ержан Әубәкіров.
Ержан Әубәкіров көпірді тапсырудың алғашқы мерзіміне көпірді бөлшектеу кезінде жасалған жұмыс әсер еткенін атап өтті.
– Бөлшектеу кезінде жүк көтергіштігі 200-250 тонна крандар қолданылды. Әлеуметтік маңызы бар нысан. Көпірдің мерзімінен бұрын ашылуы тұрғындардың өміріне әсер етеді, – деп есептейді Ержан Әубәкіров.
Айта кету керек, Ғали Есқалиев көпірдің маңыздылығы мен оның қала тұрғындары үшін мерзімінен бұрын ашылғанын атап өтті.
– Егер көрші шағын аудандарды алсақ, мысалы, Селекционный, Деркөл, Омега, онда бір жарым жылға жуық уақыт ішінде 120 мың тұрғын көлік қатынасына қолайсыздық танытты. Яғни, «жетінші» автобусқа мініп, қала орталығына жету үшін бір сағат 20 минут жүру керек болды. Енді бұл 25 минутты алады. Немесе адамға шұғыл түрде ауруханаға бару керек, оған көп жолды айналып өттті, бұған уақыт кетті. Бұл біреудің өмірі болуы мүмкін еді.Сондықтан көпірді мерзімінен бұрын ашу өте маңызды. Ең алдымен біздің тұрғындар үшін, — деді Ғали Есқалиев.
Ғали Есқалиевтің айтуынша, біздің құрылыс компанияларымыздың осындай нысандарды салуды үйренгені қуантады. Жиырма жыл бұрын мұны елестету қиын еді.
Айта кетейік, көпір 4 жолақты болды, оның ұзындығы 988 метр.
Мердігер ұйым «КА Строй ЛТД» ЖШС Бас директорының орынбасары Төлеген Қарағойшин көпірді ашу туралы өз пікірімен бөлісті.
– Көпірдің құрылысы кезінде негізінен Алматыдан келген мамандар жұмыс істеді. Бірақ Жергілікті Орал компаниялары да тартылды. Қанша адам, қазір айту қиын. Өйткені, әр жұмысқа жеке бригадалар шақырылды. Монтажшылар, бетоншылар жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты, — деді Төлеген Қарағойшин.
Естеріңізге сала кетейік,»Омега» көпірі Оралдың орталығын Деркөл, Омега және Самал аудандарымен байланыстырады. Бір жарым жыл бойы бұл аудандардың тұрғындары локомотив депосы ауданындағы автокөлік көпірі арқылы қалаға қатынады.
Мария Драчева