Тоқаев коронавирус пен пневмония өлімге әкеліп соқтырып жатқанын қынжылыспен атап өтті

Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру.

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті деп мәлімдеді.Бұл туралы мемлекет басшысы Тwitter-дегі парақшасына жазды.

«Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр», деп жазды Президент Твиттерде.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы даңқты палуан, қоғам қайраткері Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жазды.

«Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары», делінген жазбада.

– Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес, деп жазды Президент.

Ашық көздерден.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 069 адам (ауру белгілері барлар – 570, жоқтар – 499) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

Нұр-Сұлтан – 221;

Алматы – 207;

Шығыс Қазақстан облысы – 102;

Қарағанды облысы – 88.

Республика бойынша барлығы 92 662 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 62 511, қайтыс болғандар саны – 829 (2 тамыз).

БҚО-да тәулігіне 69 науқас анықталды.

Олардың 42-де ауру симптомсыз өтеді.

Пандемия басталғаннан бері ауырғандардың жалпы саны 5929 адамға жетті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-22
Утром-11.49 ℃
Днем-14.03 ℃
Вечером-17.3 ℃
Ночью-20.33 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра8.59 м/с
2025-01-23
Утром-19.1 ℃
Днем-14.7 ℃
Вечером-14.13 ℃
Ночью-13.62 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.65 м/с