Ақсайда канализацияда жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Бұл туралы Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқановтың ресми парақшасында айтылды. Жарылыстың себебі жинақталған күкіртсутегі болды.

Көрнекі сурет: anna-news.info

Жазатайым оқиға 2020 жылғы 4 тамызда сағат 09:20 шамасында Ақсай қаласының кәріз-тазарту станциясының (КТҚ) аумағында болған.

«КТҚ аумағында орналасқан механикалық торлардың ғимаратында механикалық қоспалардан тазарту жұмыстарын жүргізу кезінде жиналған күкіртсутектің жарылуы орын алды. Нәтижесінде учаске бастығы Охотный Александр Иванович қаза тауып, инженер-технолог Гончарова Елена Львовна зардап шекті. Мен Александр Ивановичтің туыстары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтамын. Елена Львовнаға тезірек сауығып кетуді тілейміз», – деп жазады Миржан Сатқанов.

Әкімдік атынан Миржан Сатқанов зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті қолдау мен көмек көрсетілетініне сендірді.

Бөрлі ауданы әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта оқиға орнында тиісті органдар мен қызметтер жұмыс істейді. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталуда.

Нана Иксанова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-19
Утром17.83 ℃
Днем25.46 ℃
Вечером26.91 ℃
Ночью19.26 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.95 м/с
2025-07-20
Утром16.15 ℃
Днем28.8 ℃
Вечером31.74 ℃
Ночью23.53 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.15 м/с