Бейрутта жойқын жарылыс болды

Ливан астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Қаладағы көптеген ғимаратқа зақым келіп, көбісінің терезесі қирап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Бейнеден кадр.

Ливан Премьер-министрі Хассан Дияб Бейрут портындағы жарылыстың себебін алты жыл бойы 2 750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы деп атады.

«Мен оны жауапқа тарту және оған ең ауыр жаза қолдану үшін жауапты адамды тапқанға дейін тынышталмаймын, өйткені салмағы 2 750 тонна аммиак селитрасы алты жыл бойы қоймада болуы мүмкін емес, бұл азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді», – деді премьер-министр.

Желіге таралған видеода Ливан астанасы аспанында пайда болған қою түтін жарылыстың салдары екенін көрсетеді. Жарылыс Бейруттың порт орналасқан жағында болған.

«Қазіргі уақытта 4000-нан астам адам жарақат алып, 100-ден астамы қайтыс болды. Біздің топтар әлі де іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде», – деп хабарлады Франс-Пресс агенттігіне сілтеме жасаған Ливанның Қызыл Кресті.

Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының консулы жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап.

«Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды», – делінген хабарламада.

Фото: Hassan Ammar / AP

Иорданияның сейсмологтары жойқын жарылыстың күші магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісінің қуатымен бірдей болғанын айтады. Оқиғадан халықаралық әуежай мен Ливан премьер-министрінің штаб пәтері де зақымданған. Ливанның жоғарғы қауіпсіздік кеңесі Бейрут қаласын апатты аймақ деп жариялады. Ел президенті Мишель Аун болса өңірде екі аптаға төтенше жағдай режимін жарияламақ. Бұл туралы ол өзінің твиттердегі парақшасында хабарлады.

Фото: Hassan Ammar / AP

Ливан үкіметінің болжауынша, жарылыс пиротехника болған қоймада сақталған қауіпті заттардың жарылуынан болған.

Фото: Hassan Ammar / AP

Бейруттағы жарылыс мұнай бағасы мен доллар бағамына әсер етті.

Бұған сауда-саттық деректері дәлел бола алады. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23.30-дағы жағдайға сәйкес Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына қазан фьючерстерінің бағасы 0,68 пайызға – барреліне 44,45 долларға дейін өсті. WTI маркалы мұнайдың қыркүйек фьючерстері 1,68 пайызға қымбаттады – барреліне 41,71 долларға дейін. Жарылысқа дейін Brent маркалы мұнайдың бағасы 44,23 долларды, ал WTI баррелі 41,36 долларды құрады.

Ливанның премьер-министрі Хассан Дияб сәрсенбіні Бейруттағы жойқын жарылыстың құрбандарына байланысты аза тұту күні деп жариялады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-13
Утром14.33 ℃
Днем21.54 ℃
Вечером23.33 ℃
Ночью18.93 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра3.92 м/с
2025-05-14
Утром16.05 ℃
Днем20.26 ℃
Вечером14.75 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1000
Скорость ветра9.71 м/с