Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді

Жаңа оқу жылына дейін ата-аналар мен балаларға үйде білім алу мәселелері бойынша арнайы сабақтар ұйымдастырылады.

«ОА» мұрағатынан.

«1 қыркүйек – Білім күнін онлайн режимде өткізуді жоспарладық», – деді Аймағамбетов үкіметтің онлайн отырысында.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылына дейін ата-аналар мен балаларға үйде білім алу мәселелері бойынша арнайы сабақтар ұйымдастырылады.

«Ата-аналар мен оқушылар үшін әдістемелік қолдау көрсету өте маңызды. Біз бұны төртінші тоқсанның нәтижесінде көрдік. Сондықтан тамыз айында балаларға және ата-аналарға үйде қалай оқу керек, гигиена негіздері, кибермәдениет, интернет арқылы қалай оқу керек және дене жаттығуларының маңызы туралы бірыңғай сынып сағаттары, сондай-ақ, ата-аналар жиналысын өткізуді жоспарлап отырмыз», – деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, алдын ала болжам бойынша биыл интернет мен теледидар арқылы 2,6 миллион оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың бала және шалғай ауылдарда штаттық режимде 157 мыңнан астам оқушы білім алады.

Үкіметтің онлайн отырысында министр эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталатынын еске салды. Осы орайда ол екі ерекшелікті атап өтті.

Біріншіден, шалғайдағы елді мекендерде шағын жинақталған мектепте эпидемиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды. Екіншіден, бастауыш сыныптары үшін ата-аналардың өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады. Бұл жағдайда балалар тек бір кабинетте және бір мұғаліммен ғана оқиды. Үзілістер әртүрлі уақытта болады. Ал сыныптағы балалардың саны 15 адамнан аспайды. Кезекші топтарға өтініштер электронды түрде қабылданады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

1 − one =

x
2024-03-03
Утром-14.95 ℃
Днем-11.22 ℃
Вечером-9.17 ℃
Ночью-14.71 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.02 м/с
2024-03-04
Утром-17.29 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-9.57 ℃
Ночью-14.26 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра2.29 м/с