Құс тұмауы: Қазақстан Ресей Федерациясымен шекараға шектеулер қойды

Ерекше қауіп аймағы – Қазақстанның солтүстік-батыс аймақтары.

Көрнекі сурет.

Қазақстан H5N8 қауіпті вирусы белгілерінің табылуына байланысты Ресей Федерациясымен шекараға шектеулер қойды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

АШМ-ның хабарлауынша, 3-4 тамызда Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау бойынша федералды қызметтің Челябідегі басқармасы аймақта анықталған құс тұмауы вирусының генетикалық белгілері туралы ақпарат таратты. Өлі құстардан алынған барлық сынамаларда H5N8 тұмауы вирусының кіші түрі анықталды.

«Құстардың барлық түрлері тұмауды тез қабылдайтыны белгілі. Бұл ауылшаруашылық, синантропты және жабайы құстарға жылдам жұғатын әрі лезде тарайтын вирустық ауру. Сондықтан құс тұмауының жаппай таралып кету қаупі бар», – делінген ақпарда.

Осыған байланысты, Увел ауданаралық ветеринарлық зертханасы, Челябі сынақ зертханасы және Владимир қаласындағы Жануарлардың денсаулығын сақтау федералды орталығы жасаған диагноз негізінде, Қазақстан аумағында эпизоотикалық талаптарды сақтау мақсатында, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Челябі облысынан құстарға арналған термиялық өңдеуден өтпеген жем-шөп қоспалары (химиялық және микробиологиялық синтездің қоспаларынан басқа), таксидермиялық өңдеуден өтпеген ауланған олжалар (тірі құстар, жұмыртқалар, құс еті және құс етінің барлық түрлері), сонымен қатар құстарды ұстауға, союға және кесуге қолданылатын құрал-жабдықтар әкелуге және тасымалдауға уақытша шектеулер енгізді.

«Шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдайды облыстардың ветеринарлық қызметі ерекше бақылауға алды. H5N8 адамдар үшін төмен патогенді деп саналғанымен, ғалымдардың пікірінше, ол тез өзгеріске ұшырап, тұмаудың басқа түрімен ауырған жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін», – деп ескертеді ведомстводағылар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-12
Утром-12.15 ℃
Днем-9.51 ℃
Вечером-9.68 ℃
Ночью-11.84 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра3.73 м/с
2025-02-13
Утром-12.93 ℃
Днем-5.71 ℃
Вечером-8.75 ℃
Ночью-11.03 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра2.58 м/с