Қазақстанда тағы 1060 адамнан коронавирус анықталды
Елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясы табылған тағы 1060 адам тіркелген. Осылайша қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 95 942-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 060 адам (ауру белгілері барлар – 547, жоқтар – 513) тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
Нұр-Сұлтан – 210;
Алматы – 180;
Шығыс Қазақстан облысы – 97;
Қарағанды облысы – 87.
Республика бойынша барлығы 95 942 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 68 871.
4 тамызда Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 091-ге жеткенін мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, 1-4 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 8 054 адам ауырып, 86 науқас көз жұмған (4 тамызда тіркелген науқас саны – 1 799, көз жұмғандар – 17).

БҚО — да коронавирус жұқтырған 53 жаңа адам анықталды.
Олардың 24-інде ауру симптомсыз.
Аймақтағы КВИ жағдайларының жалпы саны 6102 адамға жетті, олардың 5281-і емделді. 48 науқас қайтыс болды.
