Қазақстанда наурыздан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 33 адам қайтыс болды

Биылғы жылдың наурыз-шілде айларында 33 отандасымыз тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болды.

«ОА» мұрағатынан.

Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Арман Мәтжан айтты.

«2020 жылғы 16 наурызда төтенше жағдай енгізілгеннен бастап 5 тамызға дейінгі аралықта 241 тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде 33-і адамдардың қаза табуымен, яғни өлімімен аяқталды. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне талдауды нақты осы мерзім аралығында жүргізбеген едік. Бірақ біз 16 наурыз бен 31 шілде аралығындағы мәліметтерге салыстырмалы талдау жасаған болатынбыз. Атап айтқанда, 31 шілдеге дейінгі аралықта 237 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылдың осы мерзімінің аралығымен салыстырғанда, 41,7 пайызға көп», – деді А. Мәтжан.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының басшысы Әсет Оспанов карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға артқанын айтқан болатын.

Басқарма басшысының сөзінше, карантин кезінде отбасында жанжал шығаратындарды бақылаудың жаңа тәсілі қолданылған. Тіркеуде тұрғандар және құқық бұзушылыққа әуес адамдар қашықтан, яғни әлеуметтік мессенджерлермен видео байланыс арқылы тексерілген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

sixteen + 9 =

x
2024-02-29
Утром-17.76 ℃
Днем-5.55 ℃
Вечером-8.24 ℃
Ночью-12.96 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра1.45 м/с
2024-03-01
Утром-14.23 ℃
Днем-3.92 ℃
Вечером-7.31 ℃
Ночью-11.95 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра1.19 м/с